Суббота, 04.05.2024, 03:36
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
Қазақша рефераттар [84]
Русские рефераты [1]
қазақша презентациялар [0]
русские презентации [0]
Сценарий [0]
Статистика
Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 84
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 8 9 »

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік.

1. Қазіргі қазақ тілінің зерттеу нысаны мен міндеттерін ашу. 
 2. Қазақ тілінің жалпы халықтық әдеби тіл екендігі.Қазақ тілінің тарихи даму жолы. 

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады. 
Қазақ тілі | Просмотров: 1808 | Загрузок: 46 | Добавил: админ | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
   Зерттеу жұмысының бірінші тарауы «Ы.Е.Маманов зерттеулерінің грамматикалық негізі» деп алынып, бұған қатысты негізгі мәселелер бес тармақта қарастырылды. 1.1 Сөздің морфологиялық құрылымы. Адам санасында түйінделген ұғымдар сөзбен белгіленгенімен, органикалық бірлікте емес. Сол себептен әр халықтың тілі әр басқа. Әр тіл өзінің ішкі дамуына сәйкес әр алуан өзгеріске түсіп, тілдің грамматикалық құрылысы қалыптасады. Сөз және сөздің грамматикалық құрылымы туралы анықтама беру үшін, басқа тілдерде қолданылатын кейбір грамматикалық терминдерді қолданбас бұрын, тілдік материал негізінде анықтап алу қажет.
Қазақ тілі | Просмотров: 3279 | Загрузок: 145 | Добавил: админ | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА ДЕЙІН ЗЕРТТЕЛУІ

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. 
Қазақ тілі | Просмотров: 1575 | Загрузок: 42 | Добавил: админ | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ тілінде сөз таптастырудың 
негізгі принциптері туралы
Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар:
1.семантикалық, 
2.морфологиялық, 
3.синтаксистік.
Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі  болуына сүйенеді.
Қазақ тілі | Просмотров: 1930 | Загрузок: 41 | Добавил: админ | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ
«АЛАШ» КЕЗЕҢІ

Терминологиялық сөздіктер тарихын сөз етер болсақ, оны «алаш» зиялыларының қайраткерлік қызметімен байланыстырмай өту мүмкін емес. Мысалы, қазақ терминографиясындағы алғашқы сөздіктердің қатарына жатқызылып жүрген сөздіктерге алаштықтар шығарған, 1927 жылы жарық көрген Н. Қаратышқановтың «Пән сөздері»  мен 1931 жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан «Атаулар сөздігі» жатады. 
Қазақ тілі | Просмотров: 1549 | Загрузок: 57 | Добавил: админ | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ сөз мәдениетінің теориялық
негіздері
НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар ғылыми пән ретінде өмірге кездейсоқ келмегені белгілі. Тілдің қасиеті, сөз құдіреті жөніндегі өмірден түйген түйінді ойларын (тіл туралы мақал-мәтел, фразеологиялық сөз орамдарын т.б.) халықтың метатілдік рефлексиясы деуге болады. Әсіресе сөз мәдениетіне қатысты мақал-мәтелдердің мазмұнындағы терең пайымдаулар тілдің қоғамдық-әлеуметтік тіршілігімен байланысты екенін айқын аңғартады. 
Қазақ тілі | Просмотров: 3012 | Загрузок: 85 | Добавил: админ | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ ономапоэтикасы: 
сатиралық-юморлық кейіпкер аттары
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұмыстың кіріспесінде тақырыпты зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, зерттеудің әдіс-тәсілдері, дереккөздері, ғылыми жаңалығы, теориялық-практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, жұмыстың талқылануы мен жариялануы сипатталады. Диссертациялық жұмыстың І тарауы "Ономастикалық кеңістіктегі поэтонимдер” деп аталады. Бұл тарауда поэтикалық ономастиканың теориялық мәселелері, аспектілері, апеллятивтенген аттар, сатиралық - юморлық кейіпкер аттарының зерттелінуі, тақырыптық топтама және лексика- семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. 
Қазақ тілі | Просмотров: 1599 | Загрузок: 43 | Добавил: админ | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫ: 
БІРТІЛДІ ОҚУ СӨЗДІГІН ТҮЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
     Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлігінде зерттеудің өзектілігі негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады. Зерттеудің нысаны, пәні, материалдары мен дереккөздері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, теориялық маңызы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары, жұмыстың талқылануы мен жариялануы туралы баяндалады. 
    «Теоретикалық лексикографияның ғылыми негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде теоретикалық лексикографияның құрылымдық негіздері зерттеледі. Лексикографияның теориясы мен тарихы құрамындағы негізгі категориялардың мазмұнына талдау жасалады. 
Қазақ тілі | Просмотров: 2767 | Загрузок: 104 | Добавил: админ | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары

Жеке адам өміріне қатысты  құжаттар.
Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
1.өмірбаян                                                                           
2.түйіндеме                                                                           
3.жеке іс парағы                                                                    
4.визит карточкасы
5.өтініш                                                                                 
6.арыз                                                                                  
7.мінездеме                                                                           
8.кепілдеме
9.кеден мағлұмдамасы
10. жеделхат  
Қазақ тілі | Просмотров: 2036 | Загрузок: 36 | Добавил: админ | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
 Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күр- делілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика- семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі. 
Қазақ тілі | Просмотров: 1559 | Загрузок: 54 | Добавил: админ | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz