Четверг, 02.05.2024, 11:44
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Қазақ ономапоэтикасы: сатиралық-юморлық кейіпкер аттары
[ Скачать с сервера (249.5 Kb) ] 23.02.2014, 15:17
Бұл материалдар ашық қолданыстан алынған. Көшіру барысында сайтқа сілтеме көрсету міндетті

Қазақ ономапоэтикасы: 
сатиралық-юморлық кейіпкер аттары
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұмыстың кіріспесінде тақырыпты-зерттеу-дің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, зерттеудің әдіс-тәсілдері, дереккөздері, ғылыми жаң-алығы, теориялық-практикалық маңызы, қорғауға ұсынылаты-н тұжы-рымдар, жұмыстың талқылануы мен жариялануы сипатталады. Диссертациялық жұмыстың І тарауы "Ономастикалық кеңістіктегі поэтонимдер” деп аталады. Бұл тарауда поэтикалық ономас-тиканың теориялық мәселелері, аспектілері, апе-ллятивтенген аттар, сатиралық - юморлық кейіпкер аттарының зерттелінуі, тақырыптық топтама және лексика- семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. 
1.1 Сатиралық- юморлық кейіпкер аттарының зерттелінуі. Тіл феноменін -тіл әлемін академик Ә.Қайдар "этностың өзін танып білудің қайнар көзі, біліктіліктің кәусар бұлағы”[1,11] деп сипаттайды. Біздің қарастырғалы отырған мәселеміз: "тіл-тілдегі лексикалық байлықтың бір алуаны – кісі есімдері” [2,59]. Көркем туындылардағы кейіпкер аттары –лингвистикалық тұрғыдан жалқы есімдер(ЖқЕ), функциялық қызметі жағынан жалпы есімдерге (ЖпЕ) қарама-қарсы. Оның себебі ЖқЕ-дер-лексикалық мағынаға, ЖпЕ-дер – атауыштық қасиетке ғана ие. Олай болса, кейіпкер аттары ЖқЕ-нен жасалғанымен, ЖпЕ-ге ауысқанда, бастапқы ұғымынан, мәнінен айрылады. Лингвистикада көркем, әдеби және поэтикалық ономастика деген терминдер жарысып қолданылып жүр. Бұл терминдердің барлығының нысаны – көркем шығармалардағы ЖқЕ-дер. Зерттеуіміз кез келген ЖқЕ-дер емес, белгілі стилистикалық мақсаттан туындайтын ЖқЕ-дер туралы болғандықтан, теориялық-практикалық аспектілерін ескере отырып, ономапоэтика (поэтикалық ономастика) терминін қолдануды жөн көрдік. Бұл те-рминді алғаш рет антропонимистер Ю.А.Карпенко, В.М.Калинкиндер қолданған. Қазақ- лингвистикасының көшбасшыла-ры Қ.Жұбанов, С.-Аманжолов, М.Балақаев, І.Кеңесбаев сынды біртуар ғалымдарымыздың, бүкіл ғұмырын антропонимика-а арнаған профессор Т.Жанұзақовтың ғылыми еңбектерін, сондай-ақ жекелеген шығармалардағы кейіпкерлер аттарының табиғаты (Р.Әміров, Х.Нұрмаханов, Қ.Есбаев, Ф.Мұсабаева, А.Мухатаева, О.Әлімбекова, Б.Әлімжанов, Ф.Кендібаев) газет-журнал беттеріне жарияланған мақалалары, академик Ә.Т.Қайдардың ("Казахские собственные имена в сатирических произведениях”, Лейпциг, 1984) тезисі болмаса, қазақ сатирасы мен юмор жанрындағы кейіпкер аттарының тілдік т-абиғаты туралы қорғалған ғылыми еңбек жоқ. 
Белгілі бір стильдік мәнде қолданылған кейіпкер аттары ономасиологиялық өрісте поэтикалық аттар немесе поэтонимдер деп колданылып жүр [3,16]. Сондықтан ономастикалық принциппен біз де сатиралық - юморлық поэтоним (СЮП) деп қолданатын боламыз. Ономапоэтика – көркем әдеби туындылардағы жалқы есім атаулыны, олардың құрылым принципін, мәнерін (-стиль), мәтіндегі қолданысын зерттейтін, оқырманның қабылдауы мен қаламгердің эстетикалық көзқарасын білдіретін, мақсатын айқындайтын ономастиканың бір тармағы. 
Соңғы жылдары кеңестік (ТМД елдері) тіл білімі көлемінде поэтикалық антропонимия немесе ономопоэтика – әдеби көркем туындылардағы жалқы есімдерді (поэтонимдер) зерттейтін ономастиканың бір тармағы өсіп шықты. Ономопоэтика жалқы есімдердің принциптерін, мәтіндегі қолданысын, сондай-ақ автордың стилін, дүниетанымын, мақсатын айқындайды. Н.В.Подольскаяның анықтамасы бойынша, поэтикалық ономастика - көркем шығармадағы атауыштық қана емес, стилистикалық және идеологиялық қызмет атқаратын антропонимдерд-ің қалыптасу, қолдану ерекшеліктерін зерттейтін ономастиканың саласы [3,96]. Көркем туындыны ауқымы, шеңбері, өрісі кең болғандықтан, көп қырлы алмас секілді асыл дүние деп қарайтын б-олсақ, оның бір қыры сатира мен юмор тұрғысынан сөз етпекпіз. 
1.3. Кейіпкер -аттарының мағыналық-тақырыптық топтары.
І. Адамға қатысты атаулардан жасалған СЮП-тер: туыстық қатынас: Апаева, Абысын Ағайын Туғаншылов, Апамов, Абысын Шешеева, Бауырбек Нем-ереұлы, Жездебек Әкейменов, Жеңгебай, Қайын Мырзағаұлы Қайын Ағаев, Қайын Мырзағаұлы Шырақов, Қайынсіңлі Бикешқызы Шырайлымовна, Шөбере Үбіреұлы, Құдағиева, Туғанбай Інішеков, физиологиялық белгілеріне байланысты: Тіріжа-н, Тырылбике, Топарбике, Жыланкөз-, Саңырау, Кереңбаев, Соқыр, Соқырішек, Сүйел, Секпіл, Көксау, Қотыргүл, Шиқан, Ақима, Қылипа, Қисықбас, Тыртықгүл, Тобанаяқ, Сойдақтіс, Ықылық, Түшкірік,Сілекеев, соматикалық атаулар: Күлімкөз, Күлбет, Көзайым, Қосбұрым, Құлқынгүл, Тұлымтай, Табанкүл, Өңешгүл т.б. экспрессивті аттар: Аңқаубике, Бе-йберекет, Жыпбике, Лыпбике, Зырбике, Зы-пбике, Жоқбол, Ырду, Дырду, Әмпей, Жәмпей, Мисыз, Ауыш, Әңгелек, Сұрсұлу т.б.
Хремотоним (гр."хрематос”,"зат, мүлік”[3,146]) – адам өмірінің прагматикалы-қ сферамен байланыс-ты материалдық мәдениет түрлерінің (зергерлік бұйымдар, -м--узыкалық аспаптар, қару-жарақтар т.б) атауы. Тұрмыс жабдықтары: Бізбике, Әтірбике, Дастархан, Инегүл, Қайысгүл, Мес, Опакүл, Шишагүл, Ожаукүл. Ожауова, Егеуәлі Қайрақұлы, Көрпебаевна, Тостағанова, Тұтқыш, Ша-рбақова т.б. зергерлі-к- бұйымдар: Зұмратбаев, Сырғаев, Жамбы, Қырықсақина, Түймегүл, Шаштеңге, Сомекеш, Сырғабике, Ақбалдақ, Ақтеңге, Жүзік, Тұмаргүл. т.б. мата, киім атаулары: Ақжаулық, Алжапқыш, Көкжаулық, Барқытбике, Батшайы, Мәуіті, Малмагүл, Бәтеңкеқызы, Орамалова, Тазтелпеков, Шапанқызы, Кебісбай, Бөрікбай, Құлақшын, Тымақбай, Ләмбөк, Етікбай, Мәсібай, Киімбай, Шұлғаубай, Қалпағыбар т.б. азық-түлік, тағам: Айрангүл, Бауырсақ, Бөкпен, Қатықгүл, Шайбике, Шайгүл, Әсіп, Қазы Қартабаев, Қамыржан, Күлшебай, Балшекер, Майсөк, Майшелпеков, Мейіз, Шекер, Дәмдігүл, Талқан, Тәтті, Тоқашбек, Уызхан, Шәрбат т.б. ән-күй аспаптары: Адырнабай, Пернебике, Дабыл, жабдық атаулары: Мұрындық, Ноқтабай, Тоқым, Тұсаубай, Тұзақ, малдың тері атаулары: Елтірбай, Пұшбақбай, Тулақбай, Шөншік, Боздақ, Жабағы, Шудабай, Жарғақ, Тайтері, қару - жарақ: Айбалта, Бәкі, Бытырабай, Жебе Садақұлы, Қарубай, Наганбай, Наркескен, Пышақбай, Патронбек, Пушкабай, Оқпан, Оқшантай, Семсеров, Шоқпаров, ұлттық мүлік аттары: Наркескен, Қоңырқұлжа, Тайтұяқ, Оңқай, алшысынан түсетін асық, Бүкшік, сандық-өлшемдік ұғым білдіретін (100): Біргүл, Үшкемпір, Бесбике, Бірай, Жалғызгүл, Жалғызбике, Қосбұрым т.б.пейоратив аттар: Бәдікгүл, Долыгүл, Насбике, Жалаңашбике, Сарқыт, Мазақ, Шөпжелке, Қиқу, Шүшира, Шошаңгүл.
ІІ. Табиғатқа қатысты атаулардан жасалған СЮП-тер:
астроним (аспан денелері): Айдай, Аспанды Тірептұрғаныбыш, Күнбике, Күншығыс, Күнбатыс, Үркер; анемоним (жел): Долыгүл, Желдігүл, Ақдолы, Көкдолы.,Толағай, Құйынгүл; зооним (аң-құс): Түлкібике, Бөрікүл, Киікгүл, Қоянгүл, Бозымгүл, Танабике, Жор-ғагүл, Қойсұлу, Жүзтайлақ Әтеш, Тауықбике, Қы-рғигүл, Көкекгүл Сіркекүл, Сонашгүл, Тістібақа; Ойконим (жер бедеріндегі атау): Аймақ, Батпақбай, Ойпаңгүл, Дөңес, Дөңбек, Жертесер, Жолтабар, Өңірбек, Еңісгүл, Сортаң, Тақыр, Тасбике, Үңгір, Лайбай, Иірімбек, Дөңасаров, Тауасаров; Фитоним (өсімдік): Дәрігүл, Жуакүл, Құрақгүл, Қызғалдақ-, Мақтажан, Миагүл, Қоғажай, Ләйлікөк, Сарғалдақ, Сабақгүл, Сәбізкүл, Томаркүл, Әт-іргүл, Көкекгүл, Гүжапырақ, Гүлелпек. түр-түстен жасалған: Ақторсық, Ақкемпір, Ақжаулық, Көкжаулық, Ақбалдақ, Қарақатын, Сарыкүл, Бозымгүл, Сұрсұлу. Топоним (гр.орын, ел, кеңістік+оним) Мәскеубай Москва, Тәшкенбай Ташкент, Әмірикан Американ, Керман Герман. Мәскеубай, Тәшкенбай деген кейіпкер аттары да бір шығармадан алынған. Олай болса, Аңырақай дала, Мәскеубай, Тәшкенбай қала бейнелерін кейіпкер аттары жасалған. Экзоним (гр.сыртқы+оним) – берілген тілдегі заңдылыққа бағына отырып, фонемалық жағынан өзгеріске түсетін жалқы есімдер. Бұл термин Біріккен Ұлттар Ұйымында немісше exonym деп қабылданған. Мәскеубай мен Тәшкенбайды алып қарасақ, осы қаланы көріп тамашалап жүрген саяхатшыл кейіпкерлерге берілген. Бұл аттар ономастикада топонегізді поэтоним деп қаралса, біз экзоним ретінде қарастырамыз. Өйткені қазақ тілінде олардың фонемдік құрамы сол тілдегі сөзбен сәйкес келмейді. Мысалы Бакы -Баку, Рим -Roma, Париж - Parіs, Вена - Wіen, Неаполь- Napolі деп өз тілінен басқаша дыбысталады. Москваны -Мәскеу, Ташкентті -Тәшкен деп қолдану – қазақ тілінде қалыптасқан құбылыс.
ІІІ. Қоғамға қатысты ұғымдардан жасалған СЮП-тер: абстрактілі ұғым: Ақылкөп, Анаубай, Арзанкүл, Ашгүл, Әбиіркүл, Ойбике, Құтбике, Әділгүл, Сәуегүл, Зәрубике, Қайзада, Солзада, Кімов, Мынаугүл, Елбике, Даугүл, Жәнегүл, Заңғой, Даусоғар, Таққұмар, Дигитоним – адамға б-ерілген қоғамдағы орнын ерекшелендіріп тұратын қосымша атақ іспетті князьдық, дворян-дық -титул аттар. Дигитонимдік СЮП-тер: Ақпатша, Байбатша, Нарбатша, Бухан, Бөріхан, Елесхан, Елікхан, Үрмехан Жалаухан, Ханөлмесов, Князев (герман "тек”). Мифоперсоним: Аяз ата, Албасты, Желаяқ, Жалмауыз кемпір, Жезтырнақ, Мыстанқыз, Жаппаргүл, -Үрбіл (діни ұғымдар), Таусоғар, Бізбике (Алдар көсе), Сұрапыл (дауылдың аты), Шынашақ (халық ертегісі). 
Политоним (гр.мемлекеттік іс+атау) - мемлекеттің әр түрлі символдарын білдіретін жалқы есім түрі. Сатира, әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда ел өміріне әлеуметтік - саяси жағынан белсене араласады. Әсіресе тоқырау, қайта құру, бетбұрыс кезеңдерінде сатираның таптық, партиялық сипаты күшейе түсті. Елімай, Елқайғы, Елімбаев, Жалаухан, Хатшыбай, Нұсқаубай, Жарлықбай, Қызылбай, Уәкілбек, Мөрбасар, Жарнагүл, Оңшылбаев, Солшылбаев, Заман, Бұйрықбаевич, Большевиктеров т.б. Сатиралық проза мен поэзия өмірдегі, тарихтың әр кезеңінде келеңсіздікті әзілмен сынай отырып, юморлық күлкімен әшкерелейді, тіпті кейіпкер аттарының өзі "антропонимия – тарих” (Никонов).
Білім-ғылымға байланысты туған аттар: Ақылдым, Ақылқалта, Әліппе, Әріпбек, Білімгүл, Білгішбай, Емле, Жұрнақ, Үтір, Ноқат, Сұраубай т.б.
Жанрлық аттар: Әлқисса, Әзілбай, Әзіл Сықақов,Әзіләлі, Әңгіме, Бәдік, Боссөз, Ж--ырау, Келеке, Құрғақсөзов, Өлеңбаев, Тілмар, Тұспал, Жырдария, Калжынбасұлы, Мысалжан, Мақалбике, Пародияғали, Панфлетхан, Оспақ, Сатирин, Ұйқасбай, Эпиграммабай т.б. Сауда-финанс: Ақтеңге, Арзангүл, Теңгегүл, Тиын Тебенқызы, Шаштеңге, Пұлсыз, Пұлжеген, Пұлбай Тиынсызов, Қарызхан, Алыпсатарұлы, Саудабек, Салықба-й, Көктиын, Бестиын т.б--. Порейоним- Машинатегі, Вагонбек, Пойызбек. Этноним (гр.этнос халық+оним) Әдігей, Кәрісбай, Өзбекбай, Тәжікбай, Қы-рғызбай, Сартбек, Өзбекулла. Хрононим (гр.хронос- уақыт, кезең+оним) – тарихи мәні бар кезең немесе маңызды оқиға аттары. Адам Ата, Хауа Ана "өте ертеден”, Ақпатш-а (Романовтар династиясы билеген кез), Байбатша (кеңес өкіметін--е дейінгі кезең), Байқұл (феолдалдық дәуір), Қарашаруа, Демоним - Мыстанқыз, Сайтанбек, Жезтырнақ, Албасты, Жындыбаев, Теоним – Берқұдай, Құдайқұлов, Әулиебайұлы, Тәңірқұлов, Пірбайұлы, Пірманов, Мұсылманов, Япыраевич
1.3.1 Соматикалық атаулардан жасалған СЮП-тердің жалпы саны – 250.
Соматикалық атаулар (60) бас-көз, бет-ауыз, тіл-жақ мұрын, қол-аяқ, т.б кейіпкердің аталуына уәж болғаныны анықталынды.
І. Бас аймағынан жасалған СЮП-тер саны -70. Олар: Алтыбас, Бақырбасов, Бұзаубас, Додабас, Дарабас, Дыраубас, Ешкібас, Жайбас, Жалаңбасов, Жалпақбас, Жапсарбас, Жарғақбас, Жүндібасович, Жарықбас, Зілбас, Итбас, Киізбас, Көкебас, Кірбас, Көнгенбасов, Қабанбас, Қазанбас, Қайқыбас, Қалтақбас, Қарынбас, Қасқабас, Қисықбас, Қоқыбас, Масбас, Маубас, Ожаубас, Сарыбас, Қубас, Қағанақбас, Майбас, Тақырбасов, Таспабас, Тесікбас, Түктібас, Топайбас, Топырақбас, Шаштыбас, Шақшабас, Шалабасов, т.б. Мысалдар "бас” атауымен тіркескен кейіпкер аттарының тізімі ғана емес. Әр кейіпкер атының астарында ғасыр бойы қалыптасқан дүниетаным, ұлттық болмыс, ұлттық мінез, ұлттық дәстүр, ұлттық наным-сенімнен туындайтын құбылыс – этнолингвистикалық ерекшелік жатыр. Тарихтағы саяси ұлы тұлғалардың аттары: Таспабас (Сталин), Қасқабас (Хрущев), Дыраубас (Брежнев), Қыраубас (Горбачев). 
ІІ. Бет аймағы – 60. Бет: Бетонбет, Бетсіз Бетібелдиева, Жұтаңбет, Жылмаңбет, Күлбет, Қарабет, Шықшытбет. Көз: Ақкөз Қызылкөзұлы, Ақиған Көккөзов, Алайкөзов, Биякөз, Бадырақкөз, Көзкөрген, Көзжұмбаев, Иткөз, Мысықкөз, Сусликк-өз, Текекөз, Шақкөз. Адам жанының айнасы – көз, адам характерінің көзге байланысты түрлі қыр-сыры ашылады. Мұрын: Дөң+мұрынов, Маймұры-н-, Мұры-н, Мұрындық, Иттұмсық, Тұмсық, Танауғали. Құлақ: Ақпақұлақ, Жарқұлақ, Кірқұлақ, Қосқұлақ,Саққұлақ, Сабауқұлақ, Тасқұлақ, Ұзынқұлақ. Ауыз: А-ыз Жаппасов, Бейпілауыз, Жаманауыз, Өңешгүл, Жайынауыз, Ешкіауыз, Кемиек. Тіл мен жақ: Құлқынгүл, Тастаңдай, Тілмарович, Тілқатпасов, Тілемсеков, Заржақ, Қужақ, Самыржақ, Ұртбай-, Ұртымай, Сойдақтіс.
ІІІ. Мойын–10. Бұқамойын, Қылмойынов, Қылқимойын, Бұзаутамақ, Кеңірдекович, Қылкеңірдек, Тайбұғақов, Шөпжелке, Желкебай.
ІV. Кеуде–20. Көкірек Кеудебаев, Жалаңтөс, Тауықтөс, Бауырбек, Бесқарын, Месқарын, Итқарын, Тасбауыр, Тасжүрек, Қарынбай, Қарынбөлеев, Сауқарын, Талақ, Жұлынбай, Ішекқарынұлы, Ұлтабар т.б.
V. Қол – 15. Қолдағышов, Жұдырықбеков, Бармақшал, Басбармақ, Тырнақшал, Белбармақов, Жезтырнақ, Саусақпаев, Сұқбек, Сояу, Шынашақ, Шапалақ, Шеңгелов, Бессаусақов.
VІ. Жамбас – 9. Біржамбас, Бөксегүл, Бұлаңқұйрық, Жамбассипарұлы, Жатырбай, Көтібар, Құйымшақ, Құйысқанбике, Тайкөт, т.б.
VІІ. Аяқ– 20. Шойтабанов, Ақтабанов, Тобан, Тобышақ, Майөкшенов, Ноқтабан, Желаяқ, Итаяқ, Көкаяқ, Қуаяқов, Қотанаяқ, Сәндіаяқ, Суаяқов, Талтаяқ, Бақай, Башай, Шотаяқ, Бибұт, Шибұт, Шиборбай, Ұлтан. Басқа байланысты – Тазша, бетке-Бедірейгенова, көзге–Адырақбаев, Ақима, Қылипа, Бадырақ, Соқыр; мұрынға – Тәмпіш, Таңқыгүл; ауызға – Жұтқанов, Жұттыбай; құлаққа – Саңырау, Кереңбаев; қолға–Шеңгелов; денеге – Айтыртық Тырдай Жалаңашов; шашқа Үрпек, Бұйра, Шүйкебик Шаштеңге, Шашбике, Қолаңшаш, Тұлымтай; бойға – Қортық, Мықыр, Пошым; аяққа –Айталтақ, Маймақ, Зыпберген т.б. 
1.3.2.Зоофорлық (zooгр."жануар”+onіm.атау) аттар (ЗА)–жан-жануар, аң-құс, құрт-құмырсқа атауларынан жасалған жалқы есімдер. [3,60]. Зооним–жан-жануар аттарыгиппоним (жылқы), киноним (ит), орнитоним (құс), инсектоним (жәндік) т.б деп жіктеуге болады. Біздің зерттеуімізде 100-ден астам ЗА кездесті. Қой атауымен келген ЗА: Қозыбақ, Қозытай, Қозыбағар, Қойбай, Қойбағар, Қойсұлу, Қойтеке, Қойшы, Қойболды, Қошқар, Торымбике, Ісекбай. Сигнификаттық (лат. sіgnіfіcatum - "таңбалаушы”) мағына ұғыммен, ойлаумен байланысты. Сигнификаттық мағына – жуастық, көнбістік, момындық.
Ешкі атауымен келген ЗА: Ақтуша, Ешкіайдар, Ешкібас, Ешкібағар, Ешкікөз, Ешкіауыз(ов), Текекөз, Тоқалешки(ева), Тышқақ (лақ), Шыбыш т.б. Сигнификаттық мағына: шыдамсыздық, жеңілтектік, күйгелектік, сабырсыздық. 
Сиыр атауымен келген ЗА: Ауқау(ов), Бұзаубақ, Бұзаутамақ, Бұқабаев, Бұқамойын, Бөртебаева, Өгізхан, Сиырбағар, Сиырбаев, Танабике, Зеңгібаба. Мұндағы ассоциация – қыңырлық, надандық, т-опастық.
Гиппонимдерден жасалған ЗА: Ақбозов, Аткелтір, Бестібай, Дөненқырт, Жорғабай,Көкшолақ, Көкбайтал(ов), Мәстек, Құнанқырт, Нарбалақов, Саңлаққали, Саршолақ, Саяқбай, Пырақбаев, Тайбұғақов, Тайшабаров, Тайқара, Тайқасқа, Тайтері, Тайлыаяқ, Тайтұяқ, Тебеген, Тарпаңбай. Денотаттық (лат. denotatum – "белгіленуші”) мағына – албырттық, асаулық, шалкестік. 
Түйе атауымен келген ЗА: Ақтайлақ, Атанбек, Бозтайлақ, Бошалақ, Бозінген, Бозымгүл, Боздақ, Бура, Жүзтайлақ, Қоспақ, Нарпатша, Наркескен, Нұқатан, Інгенбай, Ойсыл, Өркеш, Түйебағар. Түйеге тән денотаттық мағына – жуастық, адуындық, самарқаулық, жалқаулық.
Үй жануарлары аттарынан жасалған ЗА: Ақкүшік, Арсалаң, Барақ, Доңызқұл, Домбай, Есекбай, Күребай, Қызылтазы, Шошқа(евич), Тайқар. 
Кинонимдерден жасалған ЗА: Барақ, Итаяқұлы, Иткүл, Итбай, Итқара, Итқұл, Итбас, Итемген, Иткөз, Иттұмсық, Итжеккен, Итуахи, Итбақбас, Күшікбала, Құмай, Тазыбайдың Қаншығы, Көпек, Төбет, Үрген, Құтпан.
Ит – "жеті қазынаның бірі”, адам секілді оның бойында жақсы да, жаман да мінез табыла-ды. Жақсысы: сенімділік, шыдамдылық, табандылық, жаманы: сатқындық, жалтақтық, жарамсақтық. Ұлы Абай өзі жақтырмаған нәрсесін "ит” деп атаған. Шетелдік киногер Б.Бордо айтқан екен: "Адамдарды тани түскен сайын иттер туралы ойлаймын”. *Итуахи > ит + уа+хи дейтін одағай сөздердің бірігуінен жаса--лған. Итуахи деп аталуы кейіпкер атына-н баяндалады: "Иттей боп дем алған екенсің. Иттің құлағын-а алтын сырға, мен өзі сөз арасында итті атамасам тұтығып, ақылымнан адасып қалатын секілдімін. Мұның бәрі – жүйкенің иттей боп жүдегені деген сөз”(О.Әубәкіров). 
"Бұл қатынның шешесі итжерік күйінде ит жылы туыпты.Кіндігін Итбайдың кемпірі кесіп, Итемген шал атын Иткүл қойыпты”(С.Кенжеахметов) 


Категория: Қазақ тілі | Добавил: админ | Теги: Қазақ ономапоэтикасы
Просмотров: 1598 | Загрузок: 43 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz