Суббота, 27.04.2024, 02:39
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
Қазақша рефераттар [84]
Русские рефераты [1]
қазақша презентациялар [0]
русские презентации [0]
Сценарий [0]
Статистика
Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 84
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 ... 8 9 »

Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы дағдарысты жағдайдан шығу әрекеттері.

Қауым мен ұжымдар арасындағы ұқсастық пен жақындық туралы пайымдауларды жиі кездестіруге болады. Бірақ ол ұқсастық - бар болмастай және өте күдікті, өйткені революцияға дейінгі Ресейде қауымдастық 20%-ға жуығы меншік жақынырақ келетін уй басы қарамағындағы жерге иелік еткен. Ал А.П.Столыпиннің реформасы кезеңінде толықтай дерлік үй басылық меншік пен жекеменшікті теңдестіру орын алды. Революцияға дейінгі кезеңдегі қауым жердің меншік иесі, ал ұжымшылар-тек пайдаланушы болды. Жерді барынша емін- еркін  пайдалана отырып, қауым өз мүшелеріне де көбірек еркіндік берді. Мысалға, шаруа өз үлесін келесі уақыт аралығына дейін 12-15 жылға беруге құқылы болған.
қазақстан тарихы | Просмотров: 1121 | Загрузок: 42 | Добавил: админ | Дата: 25.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстанда саяси психологияның пайда болуы

Кең байтақ қазақ даласын ежелден мекендеген, болашақ «қазақ» деген халықтың (этнос) құрамына кіріп негізін қалаған түрік тілді тайпалар шығыс орта ғасырларында (9-12 ғғ.) дүниеге талай ғұлама ойшылдары алып келді. Бұл оп-оңай, көктен аяғы салбырап түскендей кездейсоқ құбылыс емес, күрделі тарихи заңдылық еді. Орта Азия мен Түркістан Араб халифатына қарағаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі дамыған шаруашылықтан, мәдени-саяси өмір орталықтарының біріне айналды. Еуразияның Қазақстанға қарастиы оңтүстік шығыс аймағында көптеген ірі қалалар орналасты. Олардың ішінде Отрар (арабша фараб), Сайрам, Ясы (Түркістан), Мерке, Сығанақ, Тараз, Аспара, Баласағұн сияқты т.б. Ұлы Жібек Жолында орналасқан қалалар елдерімен экономикалық, рухани, мәдени байланыса болды. Бір Отрардан ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фарабиден  басқа оннан астам ғұлама ойшылдардың шығуы тегіннен-тегін емес еді. Ғылым тарихында аса үлкен мәнді, араб халифатының астанасын әлемге әйгілі еткен Бағдат мектебімен байланыс ерекше болды. Бағдатқа жан-жақтан (Батыстан, Шығыстан) асқан білімпаз қымыстар шақыралғанда олардың ішінде орта Азиямен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болды. 
қазақстан тарихы | Просмотров: 2457 | Загрузок: 83 | Добавил: админ | Дата: 25.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстанда өнеркәсіптің пайда болуы

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда өнеркәсіптер пайда бола бастайды. Бұл кезең Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталу кезеңі еді. Ресейде капитализмнің дамыған, әсіресе экономикасының, соның ішінде өнеркәсіптің біршама тез дамуының кезеңі болды.
Ресей әсерін толықтай баянды ету мақсатында Қазақстанда 60-90 жылдары бірқатар әкімшілік реформалары жүзеге асырылады. 1867 жылы 11-шілдеде "Жетісу мен Сырдария обылыстарындағы басқару туралы” уақытша Ереже және 1868 ж. 21 қазанда "Қырғыз өлкесінің Орынбор және Сібір ведомоствосы мен Орал және Сібір казак әскерлерін басқаруды өзгерту туралы Ереже” бекітілді. Әкімшілік реформалар жерді иелену, пайдалану және салық салуды реттеді.
қазақстан тарихы | Просмотров: 3315 | Загрузок: 41 | Добавил: админ | Дата: 25.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстанда өндіруші шаруашылықтың пайда болуы

Еліміздің тарихы қоғамдық - экономикалық формация - алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты бірнеше жүйелі кезеңнен өтті. Олардың негізгі еңбегі еңбек құралдарын жетілдіру мен оған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениеттің өсуі болып табылады.
Көне тас ғасырының дәуірі - адам мен оның шаруашылығының қалыптасу мезгілі өнідіргіш күштің төменгі деңгейімен сипаталады.
Бұл дәуірдің ерекшелігі адамдар дайын тұрған табиғаттың сыйын пайдаланды: барлық жабайы аңдарды, балықтарды аулады, жеміс жидектер жинады.
қазақстан тарихы | Просмотров: 4964 | Загрузок: 58 | Добавил: админ | Дата: 25.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстанда қалаларында қолөнер мен сауданың дамуы

Қолөнер мен сауданың орталығы ретінде қалалар болды. Олардың пайда болуы мен дамуы ежелгі орта ғасырлық Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірінде аса маңызды орын алды. 
Қалалар мен елді мекендердің қалыптасуы ҮІ-ҮІІ ғасырлардың өзінде Жетісу өлкесінде жоғары қарқынмен өсті. Оған біріншіден, қолайлы табиғи жағдайлар, өзен-көл молшылығы, сондай-ақ, Жетісудың Қытай, Иран және басқа да араб елдерін Соғдианамен, сондай-ақ, Үндістанмен, Византиямен өзара байланыстарын алтын көпір ретінде болуы көп керуен жолдары дәлелдейді, үлкен мүмкіндіктер туады.
қазақстан тарихы | Просмотров: 2859 | Загрузок: 54 | Добавил: админ | Дата: 25.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы

Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін  жариялау шараларына кірісті.атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы  Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады. Тәуелсіздік алу қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен  бірге іс жүзінде  орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің  егемендігін, қалыптасқан  шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.
қазақстан тарихы | Просмотров: 3050 | Загрузок: 78 | Добавил: админ | Дата: 25.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасының ақпараттық нарығы

 Нарықтық шаруашылық тұтынушылық игіліктердің келесідей төрт микросекторын қарастырады: тұтыну игіліктері, өндірістік құрылымдар, еңбек және ақша мен бағалы қағаздар. Ал қазіргі кезеңдегі өндіріс бесінші сектор, яғни ақпараттар нарығынсыз қызмет етуі мүмкін емес.
Бүгінгі күні экономикалық және әлеуметтік даму деңгейіне тәуелсіз экономиканың ақпараттық саласының дамуына байланысты қоғамдағы әлеуметтік, саяси және мәдени өзгерістерден көптеген мемлекеттердің құрылымы қайта құрылуда. Оның дәлелі ақпараттық қызметтегі қызметкерлер санының өсуі, яғни ақпаратты өндіру, өңдеу, сақтау мен тарату қызметтері . Өз кезегінде ақпараттық қызметтер мен тауарлар нарығы бүгін ең қарқынды дамушы нарық болып табылады.
қазақстан тарихы | Просмотров: 2357 | Загрузок: 88 | Добавил: админ | Дата: 25.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ ауылында тауар-ақша қатынастарының жандануы

Индустрияландыруды "көпшіліктің кедейленуі” арқылы емес шаруалардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайын арттыру арқылы жүзеге асыруды И.В.Сталин оның капиталистік индустрияландырудан айырмашылығы деп білді. Ол үшін ұсақ шаруа қожалықтарының біртіндеп, "қысым жасау арқылы емес, көз жеткізіп сендіру арқылы” тұрмыстық қызметті қоғамдық, ұжымдық ұйымдастыру негізінде ірі шаруашылықтарға біріктіру қажет болды.
қазақстан тарихы | Просмотров: 939 | Загрузок: 34 | Добавил: админ | Дата: 25.02.2014 | Комментарии (0)

Қаңлы мемлекеті     
Аталған Үйсін мемлекетімен қатар Қазақстан аумағында Қаңлы мемлекеті өмір сүрді. Қаңлы мемлекеті де қытай деректері арқылы әлемге мәлім болған. Қытайдың "Тарихи жазбалар. Ферғана тарауында": «Қаңлы (Кангюй ) Ферғананын батыс солтүстігінде шамамен 2000 ли - шақырымдай жерде тұрады. Көшпенді мемлекет. Даружылармен ғұрып-әдеттері ұқсас. 70-80 мың жері бар. Ферғанамен іргелес отырған ел» /6/ -деп жазылған. Осы еңбектің даружылар тарауында: "Даружылардың солтүстігіңде қаңлы тұрады. Көшпенді мемлекет. Мал соңынан ілесіп көшіп жүреді. Ғұндармен әдет-ғұрыптары ұқсас» /7/ -деп жазылған. Бұдан Қаңлылардың арғы тегінің даружылармен байланысты екендігін аңғарамыз.
қазақстан тарихы | Просмотров: 2122 | Загрузок: 42 | Добавил: админ | Дата: 25.02.2014 | Комментарии (0)

Индустрияландыру барысы, мәселелері мен нәтижелері

Индустрияландыру барысы, мәселелері мен нәтижелері. Қазақстан өнеркәсібінің дамуында индустрияландыру жылдары шешуші қадамдар жасалды. Елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуында индуртрияландыру үлкен рол атқарды, ол қоғам өміріндегі орасан зор өзгеріс болды, аграрлық, артта қалған елден индустриялды-аграрлық мемлекетке айналуға жағдай жасады. Қазақстан тұтастай халықшаруашылық кешенінің ажырағысыз бөлігі болғандықтан индустрияландыру жүзеге асыру мәселелерін де мемлекет шеңберінде қарастыру қажет.
Индустрияландыру жүзеге асыру қажеттілігі даусыз еді. Оған көз жеткізу үшін 20-30 жылдардағы елдің жағдайын қарастыру керек, өйткені нақ осы жылдар ел өмірінің шешуші кезеңдері, сонымен бірге әкімшілік-әміршілік жүйенің болуымен күрделі болды.
қазақстан тарихы | Просмотров: 4331 | Загрузок: 88 | Добавил: админ | Дата: 25.02.2014 | Комментарии (0)

Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz