Вторник, 07.05.2024, 10:40
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » қазақстан тарихы [ Добавить материал ]

Қазақ ауылында тауар-ақша қатынастарының жандануы
[ Скачать с сервера (30.5 Kb) ] 25.02.2014, 19:06
Бұл материалдар интернет желісінен алынған. Көшіру кезінде menkazak.ru сайтына сілтеме жасалу керек
Қазақ ауылында тауар-ақша қатынастарының жандануы

Индустрияландыруды "көпшіліктің кедейленуі” арқылы емес шаруалардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайын арттыру арқылы жүзеге асыруды И.В.Сталин оның капиталистік индустрияландырудан айырмашылығы деп білді. Ол үшін ұсақ шаруа қожалықтарының біртіндеп, "қысым жасау арқылы емес, көз жеткізіп сендіру арқылы” тұрмыстық қызметті қоғамдық, ұжымдық ұйымдастыру негізінде ірі шаруашылықтарға біріктіру қажет болды.
Сталин ұжымдастыруды экономикалық, қаржылай және мәдени-саяси сипаттағы шаралар көмегімен жүзеге асыру керек деп тұжырымдады. сонымен бірге ол "барлығын қамтитын, жан-жақтылы ұжымдастыру”, ол үшін барлық қажетті жағдайлардың электрлендіру мен машиналарды қолдануға, еңбеккер шаруалардың көпшілігін кооперацияның әр түрлі формаларына қатыстыруға негізделген жаңа техникалық базаның жасалып, "ауылдардың көпшілігінде ұжымдық үлгідегі ауылшаруашылық серіктестіктері пайда болған кезде ғана басталуы мүмкін екендігін атап өткен. И.В.Сталин - ешқандай әкімшілік және төтенше шаралар, революциялық күштеу болмасын” - деген.
Екіншеден, И.В.Сталин қарсы топтың "ауылда жеке ұсақ капиталдың өсуі жөніндегі байбаламын”, кулактарды қолдауын айыптады. Бүл қарсы топтың жаңа экономикалық саясатты кері шегінуі, капитализмге оралу саясаты ретінде бағалауына негізделді.
Партия саясатының "дәйектілігі мен тұрақтылығынң көрсету үшін Сталин, "жаңа экономикалық саясаттың негіздерін біздің партиямыз әскери коммунизмнен кейін емес... оған дейін, 1918 жылдың басында-ақ, біз алғаш рет жаңа социалистік экономиканы құруға мүмкіндік алған кезде жасаған”, алайда жаңа экономикалық саясат "интервенциямен кідіріске ұшырады, сол себепті біз оны тек қана интервенциядан кейін әскери коммунизмнен соң жүзеге асыруға мүмкіндік алдық” - деп тұжырымдап, фактілерді ашық түрде бұрмалады.
Мұндай тұжырым шындыққа үлеспейді, өйткені жоғарыда атап өткеніміздей, әскери коммунизм саясаты интервенция мен азамат соғысының қиыншылықтарымен ғана емес, сондай-ақ лайықты социализмді елестетумен, оған тауарлы өндірісті, ақша айналымы мен капитализм негізіне дейін жою және барлық өндіріс құралдарын қоғамдастыру арқылы тікелей өтуге әрекет жасаумен де байланысты. 1921 жылға қарай объективті жағдайлар большевиктерді өз позицияларын қайта қарап, жаңа экономикалық саясатты еңгізуіне мәжбүр етті. 



Категория: қазақстан тарихы | Добавил: админ | Теги: тауар-ақша
Просмотров: 943 | Загрузок: 34 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz