Понедельник, 06.05.2024, 05:46
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Педагогика [ Добавить материал ]

Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастыру формалары
[ Скачать с сервера (26.0 Kb) ] 17.02.2014, 17:20

Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары.

Педагогикалық тұрғыдан қарауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі білім беру процесінің дамуы мен мағынасын, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну керек. Бұл үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөлу үшін қажет. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара қарым қатынасының барысында окушыларға білім беру тәсілдерін шешу.
Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар:
Мақсат.
Педагог
Оқушы, білім алушы.
Оқыту әдістері.
Оқытуды ұйымдастыру түрі.
Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.
Педагогикалық диагностика.

Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің басты күші.
Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды көмек қажеттілігінен туындаган әлеуметтік реттелген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік тәртіпке сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың басты, қозғаушы күші - әлемдік мәдениет, адам баласының ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы. Дидактикада И.Я.Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолданылады: 
Білімді-әрекеттің әдістері. 
Шығармашылық тәжірибе 
Зерттелініп тұрған обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-салдары мен қажеттіліктері. Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниеге көзқарасын, күш-қайратын, қабілеттерін шыңдап дамытатын іс -әрекет негізі.
Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Білім беру - міндетті процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады.
Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс.
Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаны білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын арттыру негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, оқыту процесі - бұл білім алушы тұлғаны дамытатын мақсат көздеген, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, әлеуметтік жағынан қамтылған процесс. Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) және продуктивті (шығармашылық) вариантта жүргізген жағдайда білім мен іскерлік әдістерін меңгеруге болады. Кез-келген танымдық міндеттерді білу өз табиғатында қарама-қайшылықты болады. Осы қарама-қайшылықты шешу қызығушылық тудырады, кез-келген әрекетке жетелейді, міне, осылар оқыту процесінің басты қозғаушы күші. Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру.
Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет.
Лекцияға қойылатын талаптар: 
Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы;
Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі)
Дәлдігі мен дәлелділігі;
Түсіндірудің эмоционалдық жағы;
Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру;
Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы;
Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу;
Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру;
Қорытындылау;
Тілінің түсінікті және анық болуы;
Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу;
Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану;
Аталған талаптар лекцияның сапасын бағалау критерийлерінің негізі болып табылады.

Лекцияның құрылымы және оның сапасын бағалау. Бұның құрылымы жағынан лекциялар әртүрлі болып табылады. Оның құрылымы оқытылатын материалдардың мазмұны мен сипатына тікелей байланысты, бірақ, барлық лекцияға қолданылатын жалпы құрылымдық форма болады. Басты лекцияның жоспарын хабарлап, планымен таныстырып, сол жоспар бойынша жүйелі түрде сұрактардың мазмұнын ашуды қатаң түрде сактау қажет. Бақылау сұрақтарына кіретін негізгі, маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, соларды жоспарға міндетті түрде енгізілуі міндетті.
Бұрынғы өтілген лекцияның мазмұнын еске түсіріп, оның жаңа материалмен байланысын, пәндегі және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен қажеттілігін айтып кету. Сабақты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми тұжырымдарға әкелетін мысалдар, фактілер; сол сияқты нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады. Лекцияньң аяғында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау лекцияньң құңдылығын арттырады.
Жоғары мектептегі дәстүрлі лекциялар ақпараттық болып табылады. Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болады. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қағидалар ортақ болады.
Лекцияның үш түрі болады:

Толық мәләметті скачать етіп алыңыз



Категория: Педагогика | Добавил: админ | Теги: процес, Жоғарғы, оқыту, Педагогика, ұйым, білім, формалары, мектеп
Просмотров: 6926 | Загрузок: 575 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz