Среда, 15.05.2024, 04:25
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » химия [ Добавить материал ]

Уреидтер
[ Скачать с сервера (1.40 Mb) ] 19.02.2014, 14:53

                               Жоспар :
І.Кіріспе:
ІІ.Негізгі бөлім:

а)Бромизовал   туралы түсінік. Алу жолы
б) Физикалық қасиеттері
в)Химиялық қасиеті
г) Тазалығы 
е) Сандық анализі 
ж) Қолданылуы 
з) Сақтау ережелері
ІІІ. Қорытынды:
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер:



              Көмір қышқылы және оның туындылары ағзада маңызды қызметтерді атқарады.  Көмір қышқылының кейбір туындылары дәрілік заттар ретінде қолданылады. Көмір қышқылы жеке зат ретінде тек сулы ерітіндіде болады. Оны ерітіндіден бөліп алу әрекеті оның көміртек диоксидіне және суға ыдырауына әкеліп соғады.
                                             Уреидтер  
Уреидтер көмір қышкылының туындыларына жатады. Көмір қышкылы екі негізді кышқыл болғандықтан екі түрлі амидтерден тұрады: 
а)жартылай 
б)толық 

Бромизовалды өнеркәсіпте өндіру келесі сатылардан тұрады. Алдымен изовалериан қышқылын үш хлорлы фосформен әрекеттестіру арқылы изовалериан қышкылының хлорангидридін алады. 


Реакциондык массаны 82°-ға дейін қыздырғанда газ тәрізді өнімдер — бромды сутек пен хлорлы сутек — ұшады. Бромизовалериан кышқылының хлорангидриді мен бромангидридінің қосындысы болып келетін реакциондық массаға мочевинаны косып, нәтижесінде техникалық бромизовал алады:
 
Алынған реакция өнімін (техникалық бромизовал) кажетті тазалық дәрежесіне дейін изопропил спиртімен қайта кристалдайды. 
Физикалық қасиеттері:
ақ кристаллы ұнтақ, дәмі ащылау, әлсіз иісі бар, суда аз ериді, спиртте ериді. Тб=145-150°   
Химиялық қасиеті:
 
Тазалығы: 
СL, Ме+2 эталон шегінен аспау керек. Сандык анализі. Препараттың құрамындағы бром ковалентті байланыста болғандықтан, оны алдымен сілтілі гидролиз арқылы, иондык күйге айналдырады. Содан кейін оны Фольгард әдісімен аныктайды
 
                                  Қолданылуы:
Бромизовал тыныштандырғыш, ұйықтатқьш әсері бар дәрілік зат ретінде қолданылады.Сактау ережелері: «Б» тізімінде, жақсы жабылған шыны ыдыстарда, кұрғақ салқын жерде сакталады.
Мочевинаны ацилдегіш заттармен әрекеттестіргенде уреидтер алынады
М о ч е в и н а (карбамид)— көмірқышқылының толық амиді. Мочевина белокты денелердің ыдырау өнімі ретінде адамның несебінде болады (2% шамасында). Ыдыраған белоктың азоты 80% шамасында мочевина түрінде бөлініп шығады.
Мочевина — балқу темп. 133°С, суда және спиртте еритін, түссіз кристалдар.
                                    Қорытынды
Уреидтер дәрілік препараттарына                   Бромизовал жатады.
Бюмизовал — Bromisovalum  N   (              -бромизовалерианил)-мочевина
  Бромизовал тыныштандырғыш, ұйықтатқьш әсері бар дәрілік зат ретінде қолданылады.
бромизовалериян қышқылының уреиді ұйықтатқыш ретінде бромурал деген атпен мәлім. 
Пайдаланылған әдебиеттер


1.А.С. Бейсенбеков, С.Е. Келімханова А.К.Бошкаева  З.Қ. Аманғалиева "фармацевтикалық химия оқулығы” алматы 1999ж
2.А.Патсаев, С. Жайлауов, "Органикалық химия негіздері” Алматы "Білім” 1996ж
3.А.А. Петров, Х.В.Бальянь,             А.Т. Грощенко "Органикалық химия”       



Категория: химия | Добавил: админ | Теги: бромизовал, уреидтер, сандық анализ
Просмотров: 1562 | Загрузок: 66 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz