Понедельник, 06.05.2024, 00:54
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » филосоофия [ Добавить материал ]

Философиялық сана таным және ондағы адам мәселесі
[ Скачать с сервера (37.9 Kb) ] 11.02.2014, 00:24
Жоспар:
 I Кіріспе
 1)Сана мен таным. 
II Негізгі бөлім 
1)Танымдық шығармашылық.
2)Ақиқат және адасу.
3)Философиялық сана мәселесі. 
III Қорытынды 
IV Пайдаланылған әдебиеттер   



   Философиялық сана таным және ондағы адам     мәселесі
Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. Қоғам дамуының салыстырмалы қысқа тарихи мерзімі ішінде адам кептеген жетістіктерге: мысалы, заттарды алдын ала тапсырылған қасиеттер бойынша алуға, ойлай алатын машиналар жасауға, Айға, Шолпанға,Марсқа ғарыш кемелерін жіберуге, қарапайым бөлшектердің құпияларына терең үңілуге қол жеткізді. Әлеуметтік және коғамдық өмірдің аяларына, оны зерттеу, ойлау арқылы зерттелетін объектінің өткеніне, қазіргісіне және келешегіне үңілуге болады. Алайда адам солай болса да, езінің санасын әлі білмейді, оны жеткілікті деңгейде басқара алмайды. Демек, ежелгі ғалымдардың "өзіңді-өзің таны" дегені әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Бірде Үндістанда Шакунтале Деви деген әйелге 200 цифрлы санның 23 дәрежелі түбірін табу ұсынылған екен. Осындай есеп, сонымен бірге ең жетілген компьютерге де берілген. Машина есепті 60 секундта, ал Деви 50 секундта шығарған. Есеп шығаруда осындай жетістіктерге жеткізе алатын біздің ойлауымыздың сипаты қандай? Біздің жалпы санамыздың өзі қандай? Жансыз заттардың, мысалы, компьютерлердің ойлауға қабілеті бар ма?Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер,приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі — еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды. Алғашқы адам қалдықтары табылған жер француз деревнясы Неандерталь болғандықтан, оларды неандертальдықтар деп атайды. Неандертальдықтар тастан қанжар жасай білген, найзаның ұшын, сүйектен қарулар жасады, жасанды жолмен отты алды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс қатынастары орнады. Еңбек құралдары өлі жетілмеген дамудың алғашқы кезеңінде өмір үшін күрес ширығып, еңбек қызметі сол мақсаттарға ғана арналып, тек қана ұжымның күшімен жүзеге асырылатын жағдайда болды. Бүл мақсаттарды іске асу, еңбек үдерісін басқару үшін жақсы сигнал жүйесі, жылдам ақпарат алмасу қажет болды. Осындай жағдайлар ойдың дамуы мен жетілуінде шешуші рөл атқарған тілдің пайда болуына алып келді. Қалыптасқан бірқатар жағдайларға байланысты біздің ежелгі ата-бабаларымыз өмірінде өте маңызды өзгерістер болып жатты. Кездейсоқ, жағдайда ғана қару ретінде қолына белгілі бір затты — тасты немесе бұтақты алып әрекет еткен кездің орнына қаруды тастан және сүйектен дайындап, үнемі пайдаланатын кез келді. Тас және басқа да қарапайым қарулары бар адамдар тобыры енді жануарлармен салыстыруға болмайтын, әлдеқайда күрделі жүйеге — қоғамға айналды. Онда атқарылатын қызмет түрі өте көп еді. Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен қатынасы, пікір алмасуы күрделеніп, түрлене бастады. Тас қаруды жасау және оны пайдалану, шұңқырды бірігіп қазып, оны жасыру, аңды оған қуып әкеліп құлату үшін аңшылар көптеген жұмыстарды бірігіп атқаруы керек болды. Өмір оларды соған үйретті, бірігіп еңбек етудің ұтымдылығы жалпының күшімен жеке адамның қолынан келмейтін мақсаттарды іске асыруға болатынын көрсетті және сонымен қоса ақпаратты да ұжым болып пайдалануға алып келді. Демек, біреу бірдемені көрсе, естісе, ұжымдық қозғалыстың барлық катысушылары оны естиді және көреді.Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм). Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет  және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi. Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды "субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Танымсубъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады. Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ  субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес. Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi. Қазырғы заманда ғылыми таным саласында объектiмен субъектiнiң арасында басқада "делдал”(посреднтчество) қызметiн атқаратың әр-түрлi құралдар мен техникалық құрылымдар байқалады. Мысалы, атомдық физика саласында, микробиология және т.б. бiлiм салаларында алынған мәлiметтер таза объектiнiн қасиеттерiне, өзiнен-өзi өмiр сүретiнге жатпайды, өйткенi олар әр-түрлi құралдардың ықпалымен алыңған болғандықтан , олардың iздерiн сақтап қалады. Және субъектiнiң өзiнiң табиғаты жағынан әлеуметтiлiкке негiзделгендiк тен, ол да таза болмай, қоғамның даму денгейiмен байланысты болады. Сондықтан да, қазырғы гносеологияда бiлiмдi сараптаудың түпкi пунктi индивидуалды субъект және оған қарсы тұрған объектi емес, керiсiнше қоғамдық жүйелер дамуы мен қызметi және субъект аралық iс-әрекет.Сезiмдiк таным барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк бейнесi (картинасы) қалыптасады, оның қажеттiлiгiөзiнiң болмысының жағдайларына беймделуiнде (адаптация).Бiрақ заттарды терең және жан-жақты танып бiлу үшiн, тарихта болған оқиғаларды, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстарды түсiну үшiн т.б. жалғыз ғана сезiмдiк таным жеткiлiксiз. Мiне, осында адамға көмекке рационалды, жиi абстрактiлi ой деп аталатың  таным келедi. Танымның бұл нысаңы адамның келесi мүмкiндiктерiмен: идеализация, пiкiр айту, ой қорыту және т.б. логикалық операциялармен  тығыз байланысты.Оның бiрiншi формасы ұғым-  заттар мен құбылыстардың, немесе олардың топтарының жалпы, мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелендiретiн ойдың формасы.   Жалпыланған заттардың саны әр түрлi болу мүмкiн. Ұғым бiр ғана заттың қасиетiн анықтау мүмкiн (Жердiң табиғи серiгi) немесе бiркелкi топ заттардың қасиеттерiн (философ). Дүниеде жоқ, ирреалдыққада қатысы бар (апейрон, мәнгiқозғауыш). Ұғымдарда жалпылау әр түрлi болу мүмкiн, бiреулерi танымның арнаулы бiр саласында қолданылады (жеке ғылымдардың ұғымдары), келесiлерi бiр қатар ғылымдарда (жалпы ғылыми), үшiншiлерi жалпы бәрiнеде қатысты (философиялық).    Ойлаудың қандай түрiболмасын ол әрдайым ұғым арқылы жүзеге асады. Ұғым мазмұны жағынан объективтi, логикалық формасы жағынан субъективтi. Ұғымдар жалпы екi үлкен түрлерге бөлiнедi: а) күнделiктi тұрмыстық ұғымдар- нәрселердiн көбiнесе сыртқы ұқсас белгiлерiн бейнелендiрсе; в)ғылыми ұғымдар терең жатқан, жалпы, мәндi және заңды қасиеттердi бейнелендiредi (категориялар). Ұғымның тiлдiк формасы сөз және сөздер болып табылады.Ақиқаттың объективтілігі — тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл әрекеттесудің; нәтижесінде (таным үдерісінде) объектінің де, субъектінің де әсерінен тұрады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім өзінің мазмұнын жоғалтады, ал білуші адамсыз — субъектісіз білімнің өзі жоқ. Рас, нағыздыктың білуші субъектіге тәуелді емес екендігі белгілі. Объективті шынайылықтың өзінде ешкандай ақиқат жоқ, онда тек өзінің қасиеттері бар нәрселер ғана бар. Ақиқат осы шынайылықты адамдардың тануының нәтижесінде пайда болады. Ол танылатын шынайылык туралы субъектінің білімі болып табылады. Сондықтан объективтік білім неғұрлым толығырак болса, соғұрлым таным субъектісінің белсенділігі жоғары болады. Бұған байланысты мынаны айтуға болады: ащщат — объективтілік пен субъективтіліктів; бірлігі, объективті шынайылықтың субъективті бейнесі. Ақиқат деген-үдеріс, ол объектіні бірден, түтасымен және толык келемде түсіну. Ақиқатка бірден және түтасымен қол жеткізу мүмкін емес, оның күрделі үдеріс екендігін сезіп түсінуге адамдар біртіндеп келді. Акиқатты біртіндеп дәлдеу және тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау, оның объективті мазмүнын толыктыру үшін "абсолютті ақиқат және салыстырмалы акикат" үғымдары енгізілген. Абсолютті ақиқат деп езінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін бішмді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады ("Абай Құнанбайұлы 1845 —1904 жылдар аралығында өмір сүрген"). "Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақикаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т.б. Алайда танымда абсолюттік акикатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гері, ғалымдар кол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді. Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Шынайы танымда әркашан субъектінін шарттылыктары менресурстары шектеулі: аспапты техникасы, қолданатын логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатка кол жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы акикаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлел- денуі, толыктырылуы мүмкін. Сондыктан ол жетілдіретін білім болып табылады. Абсолютті білім — шынайылыкка толык сәйкестігіне орай — бұлжымайтьш білім. Элементтері өзінің объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін ештеңе жоқ. Сырттай карағанда, абсолютті және салыстырмалы ақикаттар бір-бірін жокка шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы үдерісінде олар бір-бірімен қарама- кайшылықта емес, байланыста болады. Олардың байланыстары акиқатқа жетудің процессуалдық, динамикалык сипатында болады. Салыстырмалы акиқатта адамзаттың жиынтық білімінің тұрақты өсу үдерісін камтамасыз ететін, бұлжымайтын білімдердің элементтері жоқ десек, кателескен болар едік. И.Ньютонның классикалык механикасы танымның одан өрі даму барысында колданылудың шектеулі аясында ғана акикат, демек, салыстырмалы екендігі белгілі болды. Оның орнын, уакыт өте келе, күрделі теориялар —кванттык механика мен катыстылық теориясы басты. Солай болса да, классикалык механика адаскандык емес, абсолюттік акикаттың "ұрығы" бар акикат болып табылады. Ол нағыздыктың түрлі салаларында (аспан механикасы және техника) казір де табыспен қолданылады. Таным үдерісінде адамдар абсолюттік және салыстырмалы акиқаттарды қатар қолданады. Әрине, ақиқаттың өзі үдеріс болуына орай, танылған арсеналдың ішінде абсолюттік шындык көп емес және абсолюттік ақиқат сол арсеналдың екі полюсіне шоғырлануы сипат алған. Абсолютті ақикат салыстырмалы ақиқаттардың косындысынан тұрады. Қосынды деп бұл жерде, салыстырмалы ақиқаттардың белгілі бір мөлшерінің карапайым қосындысы емес, абсолютті білімнің кұрылымындағы салыстырмалы акиқаттың алатын мөлшерінің біртіндеп, үнемі өсуін айтамыз.  Акиқат өзінің даму кезеңдерінде тұрақты серігі болып келе жатқан қарама-карсылығы - адасумен тығыз байланысты. Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен қиындығьш керсетеді. Адасу—өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. Мысалы, мәңгілік козғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және сақталу заңының ашылуына мұрындык болды. Эфир, жылу тегі идеялары толкындык оптиканың және электродинамиканың, сонымен қоса жылу үдерістері туралы физикалык ілімнің шығуының алғышарты болды. Кейде бүлардан да катал акикатты іздеу оған альш келмейтін, адастырып әкететін ахуалдар болады. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулак болу оңай емес. Адамның ақиқатка тырысуы әркашан адасусыз болмайды. Адасудан аулак болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді қиындатады, бірақ одан күтылу мүмкін емес. Таным қозғалысының қиындығының да қажетті сөті бар. Мысалы, алхимиясекілді "ұлы адасудың" формасында химия ғылымының қалыптасуы жүріп жатты. Танымдағы ақиқатқа қарсы адасуды ғана емес, жалғанды да айтуға болады. Жалған дегеніміз - алдау мақсатында нағыздығты сашлы бұрмалау. Адасудың қандайы болса да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір анықталады, "сахнадан түсіп қалады" немесе ақиқатты білімге айналады. Ол жалған ақиқатка дейін өспейді, оның жетістігіне кызмет ете алмайды. Жоғарыда айтылғандай, адасу білімнің сипаты болып табылады, ал қате божа, адамның түрлі салалардағы дұрыс емес әрекетінің салдары ретінде көрініс береді. Адамдар айғактық, логикалық, саяси, сонымен коса күнделікті өңгірде түрлі қателерге ұшырап отырады. Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы. Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады. Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай.  Дүние мен адамның шығуы  мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады.  Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі — әлеуметтік факторлары қарастырмауы.Жеке адам және қоғам – әрбір тарихи нақтылы қоғамның жеке адамның қалыптасуына және оның дамуына қандай жағдай жасайды және жеке адам қызметі қоғамға қандай шамада әсерін тигізеді, қоғам мен жеке адам мүддесі қалайша үштасады деген мәселелерді қарастыратын әлеум.-филос. проблема. Көптеген әлеум. теориялар қоғам мен жеке адам арасындағы қайшылық жойылмайды, мәңгілік деген идеяны уағыздады, оларды өз алдына тұтас дүние ретінде қарастырады. Мыс., құл иеленушілік қоғамда жеке адамды саяси тұтас мемелекетке бағынышты ету қажеттілігін дәлелдеген Платон мен Аристотель теорияларымен қатар мемлекет билігін жеке адамның жаныштап, оған қас күш ретінде қарайтын стоиктердің скептиктердің, эпикуршілердің теориялары да болды. Феод. формацияда жеке адамның орнын, құқын және міндеттерін қоғамның әлеум.-касталық құрылымына қатаң тәуелді етуді көздейтін шексіз билікті қолына шоғырландырған діни идеология мен оның иерархиялығын қорғау, құдайға құлшылық ету және т.б. бағындырылды. Капитализмнің пайда болуы адамның қауыммен, сословиямен, кастамен, цехпен тоғысуын жойып, дараланған жеке индивид туралы көзқарасты қалыптастырды. Енді қоғам формальды жағынан өзара тең жекеменшік иелерінің тобы ретінде, оларға өзіндік қабілеттері мен күш-қуатының, толық көрінуіне ең қолайлы мүмкіндіктер жасайтындығына кепілдік берді 17-18 ғ-ларда қоғамдық және мемл. құрылыс индивидтердің келісімінің жемісі, ол адамдардың игілігіне қызмет етпеген жағдайда, яғни келісімді бұзғанда қайта құрылуы мүмкін дегенді дәлелдейтін қоғамдық келісім теориялары жасала бастады. Дегуманизациялау мен адамды даралық қасиеттерінен айыру тек еңбек сапасын ғана емес, ой еңбегі саласын, бюрократияландырылған басқару саласымен қоса, тіпті, бос уақыт пен ойын-сауық саласын да қамтиды. Бұл процесс қоғам мен жеке адам арасындағы қырғиқабақтықты мәңгілік құбылыс деп есептейтін метафиз. қайшылыққа жатады. марксизм формациялардың дамуы мен алмасуы сонымен бірге адамның даралық сипатының қалыптаса бастауы мен дамуының тарихи процесі екендігін көрсетіп, қоғам мен жеке адам арасындағы қайшылықтардың пайда болуын антогонистік қоғамдық қатынастармен байланыстырды, оның көріністерінің және олардан арылудың нақты жолын көрсетіп берді. Антогонистік таптарды және еңбек бөлінісінің тарихи мұрагерлік формаларын жою жанжақты кемелденген шығармашылық тұрғыдан белсенді жеке адам қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Мұнда қоғам адам үшін, оның игілігі үшін бәрін жасайды, екінші жағынан қоғам мүшелері қоғамдық мүдделерге саналы қызмет етеді, сол үшін өзінің кәсіби, жалпы мәд. дәрежесін, әлеум. жауапкершілігін, ұйымшылдыгын және тәртібін, яғни өзін әлеум. жағынан бай жеке адам ретінде дамытуын неғұрлым жоғары дәрежеге көтереді.Антропогенез – қоғамдық жан иесі ретінде адамның пайда болып, жетілу процесі. Дарвин, Гексли және Геккель адамның үшінші кезеңдегі жоғары дәрежедегі дамыған маймылдардан шыққандығын дәлелдеді. Адамдардың қоғамдық – еңбек қызметі антропогенездің қозғаушы күші болды, бұл қызмет ерекше қоғамдық байланыстарды, мәдениетті жасады, адамның дене бітімін қалыптастырды. Мүның бәрі адамды құдай жаратты деген діни уағызды теріске шығарды. Оның пайда болуы және даму процесі австралопитектердің (адамның ең жақын арғы тегі – қазбалардан табылған маймылдар, олар Африкада бұдан 5 млн ж. бұрын өмір сүрген) жер бетінде тірршілік ету сатысына, талғаусыз тамақтану және табиғи заттарды құрал ретінде (бірлесіп аң аулау, олжаны кәдеге жарату), қорғаныс үшін қолдануға, сонан соң оларды жетілдіре түсуге кешкеннен кейін әзірленді. Мұның өзі өңделмеген тас, сүйек және ағаш құралдарды үздіксіз жасауға, демек, қоғамдық өндіріс нышандарының, алғашқы қауымдық тобырларының (нитекантроптардың және сиантроптардың) пайда болуына әкелді. Қоғамдық өндірістің тууы сана мен тілдің пайда болуының алғышарты болды, адамның дене бітімі қалыптасты. Қоғамның, адамның қалыптасу процесі жүздеген мың жылдарға созылды (Африка, Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік. Алдыңғы Азия, Европа) және алғашқы қауымдық тобырдың алғашқы қауымдық қоғамға ойысуымен, ал неандерталдықтардың шамамен 35-40 мың ж. бұрын қазіргі адам кейіпіне келуімен аяқталды.Антропосоциогенез – материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; жануардың адамға айналуыфның және жануарлардың адамзат қоғамымен ажырамас бірлігі. Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. Алайда адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) денегіміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы. Социогенез – антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенездің біртұтас процесінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағы бола отырып, антропогенезбен социогенез уақыт жағынан сәйкес келеді. Жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады. Бұл идея қазіргі антропологтар мен археологтар жасаған «екі секіріс теориясының» ғыл. Концепциясында нақты жүзеге асты. Бұл теория бойынша, адам эволюцииясында екі үлкен өтпелі кезең болды. Біріншісі және негізгісі -–адамның өзінен бұрынғы жануарлар сатысынан қалыптаса бастаған адамдар сатысына өтуі – бұл соңғыға архентроптар (пикентроптар, синантроптар және басқа ұсақ формалар) және палеоагтроптар (неандертальдар) жатады. Екінші секіріс – алғашқы және кейінгі палеолит аралығында, шамамен 35-40 мың ж. бұрын  болған палеоантроптардың қазіргі адамға айналуы. Бірінші секіріс әлеум. заңдылықтардың пайда болуы болса, екінші секіріс олардың толық та тұтас үстемдігінің орнауы болды. Қалыптасуы адамдар – (архантроптар мен палеоантроптардың) – коллективі енді таза биологиялық бірлесу кезеңінен өтті, бірақ ол әлі нағыз адамдар қоғамы бола қойған жоқ. Қалыптасушы  адамдар – (ең алғашқы зерттеушілер алғашқы адамдар табыны немесе алғашқы қоғам деп атады. Қоғамның тууы оның өмір сүруінің алғашқы формасының – алғашқы қауымдық формацияның қалыптасуы процесі болды. А-дың бастамасы жөнінде әлі пікір таласы орын алып келеді. Құрал жасаған алғашқы жануар питекантроптар емес, олардан бұрын болған хабилистер екенін көрсеткен 1960 жылдардағы ашылған жаңалықтардан кейін зерттеушілердің бір бөлігі хабилистерді адам деп қарай бастады және осыған сәйкес Антропосоциогенездің бастамасын 2,5-2 мың ж. бұрын австралопитектердің хабалистерге өтуімен байланыстырды. Антропосоциоге-нездің аяқталуы жайлы мәселе де толық бірегей көзқарас жоқ. Кейбір зерттеушілер оны неантроптардың пайда болуымен ертерек уақытқа жатқызуға бейім. Алайда алғашқы палеолит кезеңінде адамның бір биологиялық түрінің екіншісіне өту процесі жүріп жатқаны даусыз. Палеонтроптардың неоантроптарға өтуімен адамның биологиялық түр ретіндегі эволюциясы тоқталды. Бұл осы кезден бастап, адамдардың бұдан былайғы дамуы бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен анықтала басталғанын, яғни қалыптасқан қоғам пайда болғанын дәлелдейді.  Неантроптардың пайда болуымен бір мезгілде антропогенезде де және социогенезде де біртұтас Антропосоциогенез процесі аяқталды.          



         Пайдаланылған әдебиеттер: 
1) Уәлиханов Ш. Шығармалар жинағы. - Алматы, 1961, 
2) Репина Л.П. и др. История исторического знания.- М.:Дрофа, 2004
3) Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.- Алматы: Атамұра, 2003
4) Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. Тарихи жырлар.-Алматы.- 1981
5) Жүгенбаева Г. Дәстүрлі ауызша тарих.- Алматы, 2005
6 )Vansina Jan. Oral tradition as history. Madison: The University of Wisconsin Press, 1985             


 
Категория: филосоофия | Добавил: админ | Теги: сана, ақиқат, мәселе, Философия, таным, адасу, АДАМ
Просмотров: 7811 | Загрузок: 187 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz