Понедельник, 06.05.2024, 11:00
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

МИКОЗ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ
[ Скачать с сервера (52.3 Kb) ] 17.02.2014, 17:57
Тақырыбы: МИКОЗ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ

 Сабақтың мақсаты. Патогенді саңырауқұлақтардың тудыратын ауруларына күдікті малдардан патологиялық материалдарды алу тәртібімен танысып, оларды зертхана жағдайында микологиялық тәсілдермен зерттеуді үйрену.
 Материалдар мен жабдықтар. Сабуро немесе басқа қоректік орталарда өсірілген саңырауқұлақтардың (Trichophyton verrucosum, Microsporum canis, Candida albicanis) өсінділері, трихофития және микроспорияға шалдыққан малдардан алынған патологиялық материалдар. Препарат инелері, микологиялық ілмектер, зат және жапқыш шынылар, биопрепараттар.
МИКОЗДАР – патогенді микроскоптық саңырауқұлақтардың жұқпалы ауруларының тобы.Дерматомикоз қоздырғыштарына теріні және оның туындыларын зақымдайтын микоздар жатады. Олардың қоздырғыштары кератині бар тканьдерді зақымдай отыра тіршілік етеді. Дерматомикозбен барлық ауыл шаруашылық малдары (әсіресе төлдер), терісі бағалы аңдар, жыртқыштар және адамдар ауырады. Бұл аурудың қоздырғыштары Deuteromycetes класына жататын жетілмеген саңырауқұлақтар. Дерматомикоздардың клиникалық белгілері бір-біріне ұқсас болғанымен, олардың қоздырғыштары әр түрлі туысқа жатады: Trichophyton (трихофития) және Microsporum (микроспория). ТРИХОФИТИЯ қоздырғышының келесі түрлері белгілі: Trichophyton verrucosum - ірі қара малдарды, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton equinum -жануарлардың басқа түрлерін, Trichophyton gallinae - құстар мен сүт қоректілерді ауруға шалдықтырады.Сүт қоректілер трихофитиясы қоздырғыштарының морфологиялық және өсінділік қасиеттері. Саңырауқұлақ малдардың жүнінің сыртқы және ішкі жағын жарақаттап көбейеді. Қоректік орталарда қоздырғыш мицелияларының ұшында жеке немесе топтасып орналасқан артроспоралар, алейриялар, хламидоспоралар, микроконидиялар мен ұршық тәрізді макроконидияларды түзеді.

Трихофития қоздырғышы - аэроб, арнайы қоректік орталарда жақсы өседі. Сабуро агарында 26-28оС температурада 10-20 тәуліктен соң біркелкі, қатпарлы, субстратқа енген тарамдары бар колонияларды қалыптастырады (23-сурет).Құстар трихофитиясы (фавус - таз, тазқотыр) кезінде олардың терісі, қауырсындары, ішкі органдары зақымданады. Құстардың айдарында, сырғасында, тұмсық айналасында, ал мысықтар мен иттердің аяқтарында, тырнақтарында және басында сұрғылт-ақ түсті қабыршақтар (скутулалар) пайда болады.Құстар трихофитиясы қоздыр-ғыштарының морфологиялық және өсінділік қасиеттері. Trichophyton gallinae-ның жаңа өсінділердің мицелиялары жіңішке, ал ескі өсінділерінің мицелиялары жуан және жақсы сегменттелген болып келеді. Мицелияларының ұштарында бұғы мүйізіне немесе әтеш айдарына ұқсас тарамдары орналасқан. Патологиялық материалдардан дайындалғанпрепараттарда хламидоспоралар артроспоралары бар мицелияларын және көп жасушалы макроконидияларын кездестіруге болады. Сабуро агарында T.gallinae 4-5 күннен соң сұрғылт келген, ұсақ колонияларды түзеді. 10-12-ші күні колонияларының мөлшері 12 мм-ге дейін үлкейіп, беттері тегіс немесе қатпарлы болып, олардың түсі сарғылт-ақ, қызғылт немесе қызыл түске ауысады.

МИКРОСПОРИЯ қоздырғыштары ит, мысық, жыртқыш аңдар, сирек жағдайда маймыл, теңіз шошқасы, қой және басқа да жануарларды, сонымен қатар адамдарды да ауруға шалдықтырады.  Олардың қоздырғыштары: иттерде - Microsporum canis, жылқыларда - Microsporum equinum, Microsporum gypseum және т.б.Морфологиялық және өсінділік қасиеттері. Патологиялық материалдарда Microsporum саңырауқұлағы тарамдалған мицелиялар түрінде кездеседі. Зақымдалған шаштардың айналасында ретсіз орналасқан, дөңгелек пішінді споралары бар қапшық түзеді. Глюкоза қосылған Сабуро агарында Microsporum equinum26-28оС-та 6-7-ші күндері қатпарлы келген сұрғылт түсті үлпілдек мицелияларымен қапталған колонияларды қалыптастырады. Өсіп-жетілген мицелияларының түсі сары немесе қоңыр болып келеді. Microsporum canis сусло-агарда 3-4 күннен соң сұрғылт-ақ түсті, сәулелі ортасы бар шеңберлі колонияларды құрайды. Жетілген колониялары сары және қоңыр түсті болады. Microsporum gypseum сусло-агарда жалпақ, сарғыш-ашық-қоңыр түсті колонияларды түзеді. Олардың мицелиялары ракета тәрізді, макроконидиялары көп жасушалы болып келеді. Microsporum тұқымының саңырауқұлақтары флуорисцирлеуші пигмент (птердин) бөліп шығарады.Дерматомикоздарда патологиялық материал ретінде сау және жарақаттанған терінің шектескен жерінен қабыршақтары, зақымдалған жүндерімен бірге алынған қырынды пайдаланылады.
Дерматомикоздардың микроскопиясы. Зерттеуге алынған патологиялық материалды Петри шынысына қайшы немесе скальпельмен ұсақтап салады. Сосын зат шынысының бетіне салыған үлгіге NaOH немесе KOH 20%-ды ерітіндісін тамызып, жалынның үстінде сәл қыздырады. Соңында үлгінің үстіне 50%-ды глицериннің судағы ерітіндісін тамызғаннан кейін жапқыш шынымен жауып, микроскоппен зерттейді. Препараттан саңырауқұлақтар мицелиялары мен спораларының табылуы дерматомикоздарға диагноз қоюға жеткілікті дәлелі. Trichophyton және Microsporum тұқымдарына жататын жататын саңырауқұлақтарды бір бірінен ажырату үшін олардың өсінділік қасиеттерінің ерекшеліктері зерттеледі. Дерматомикоздардың таза өсінділерін бөліп алу үшін патологиялық материалдардың үлгісі арнайы қоректік орталарға (Сабуро, сусло-агар, 2%-ды глюкозасы бар ЕПА) себінді жасалады. Үлгілерді 5-7 минут бойы 60оС спиртте ұстағаннан кейін екі рет дистильденген сумен шайып, термостатта (+37оС) кептіреді. Осы тәсілдермен өңделген үлгілер басқа микрофлоралардан тазартылады. Кейде оларды антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин) қосылған қоректік орталарға себінді жасап 26-28оС температурада 20-30 күн өсіреді.АСПЕРГИЛЛЕЗ қоздырғышы Deuteromycetes класына, Aspergillus туысына жататын жетілмеген саңырауқұлақ. Бұл саңырауқұлақтар көптеген жануарлардың организмінде тіршілік етеді. Аспергиллез малдардың күтуі мен азықтандыруы нашарлағанда, организмнің резистенттілігі төмендегенде өршитін үй және жабайы құстардың, сирек жағдайда сүт қоректілердің (ірі қара мал, қой, шошқа, ешкі, жылқы, бал арасы) жұқпалы емес ауруы. Бұл ауруға шалдыққан жануарлар тыныс мүшелерінің (әсіресе өкпе) гранулематозды қабынуы байқалады.Патологиялық материал ретінде ұсақ жануарлардың өлексесі тұтас, зақымдалған органдары немесе олардың кесіндісі, жұмыртқасы, өлекселердің қырындылары алынады.Зертханалық диагноз патологиялық материалдар препараттарын микроскопиялық зерттеу және таза өсіндіні бөліп алу нәтижесінде қойылады. Гранулематозды ұлпаны жалын бетінде күйдіріп, ортасын стерильді жағдайда кеседі де Чапек, Сабуро, қан қосылған агар, ми және жүгері қосылған агар, ЕПА (рН 5,5-6,5)  құйылған Петри шыныларына себінді жасағаннан кейін, 25-37оС-та инкубациялайды. 3-5-ші тәулікте тығыз қоректік орта бетінде аспергиллалардың түрлеріне тиісті колониялары пайда болады. Аспергиллалар аэробтар. Aspergillus fumigatis Чапек ортасында тегіс немесе кедір-бұдыр, алғашында ақ түсті, сосын жасыл түсті, ал жетілгендері қара түсті колонияларды түзеді. Колонияларының астыңғы беті түссіз немесе жарғыш-қоңыр түсті болады. Микроскоппен қарағанда тегіс, қысқа, жасыл түсті конидия алып жүрушілерді байқауға болады. Гифтерінің арасында перделері болмайды, олардың жоғарғы жағын колба тәрізді болып келген (ішінде спорасы бар) өсіндісі болады. Конидиялары күңгірт-жасыл түсті.Aspergillus flavus пен Aspergillus niger Чапек ортасында споралары бар жалпақ колонияларды түзіп өседі. Олардың түсі дамып келе жатқан конидияларының мөлшеріне байланысты. Микроскоппен қарағанда түссіз мицелилері көрінеді. Жиі жағдайда жасуша қабырғасы қалың, дөңгелек пішінді склероцияларды түзеді.МУКОРОМИКОЗ қоздырғышы Oomycetes класына Mucor туысына жататын төменгі жетілген саңырауқұлақтардың өкілі. Аурудың қоздырғышы M.racemosus.
Мукоромикоз (фикомикоз) - лимфа бездері мен өкпеде, сирек жағдайда басқа да органдар мен тканьдарда гранулематозды процестердің (туберкулезге ұқсас)дамуымен сипатталады. Бұл ауруға шошқа, жылқы, ірі қара мал, қой, терісі бағалы аңдар және зертханалық жануарлардың ішінен - теңіз шошқасы мен тышқандар сезімтал келеді. Зерттеуге ірің, некрозға ұшыраған және гранулематозды тканьдар, экссудат алынады. Диагноз патологиялық материалдарды микроскопиялау және таза өсінділерді бөліп алу негізінде қойылады.Препараттардың микроскопиясында септикалы емес мицелилер (мицелилері бөлінбеген) көрінеді. Ірі спорангилердің спора сақтаушы гифінде дамып келе жатқан споралары байқалады. Ескі өсінділердің хламидоспоралары болады.Қоздырғыштың таза өсінділерін бөліп алу үшін гранулематозды тканьды жалында күйдіріп, ортасын тіліп Петри шыныларындағы Чапек немесе басқа орталарға себеді. Үшінші тәулікте қоректік орта бетінде киізге ұқсас сұрғылт-ақ түсті колониялар түзіледі (25-30оС). Кейініреконыңтүсіқоңырболады

Толық мәліметті скачать етіп алыңыздар



Категория: Биология | Добавил: админ
Просмотров: 8408 | Загрузок: 431 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz