Воскресенье, 19.05.2024, 00:31
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » қазақстан тарихы [ Добавить материал ]

ТМД елдерінде жаңа мүмкіндіктер мен білімнің әлемдік нарығы
[ Скачать с сервера (36.9 Kb) ] 20.02.2014, 21:02
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім

А) ТМД елдеріндегі жаңа мүмкіндіктер
В) ТМД елдеріндегі білім деңгейі
С) ТМД елдеріндегі білімнің әлемдік нарығы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер



ТМД елдерінде жаңа мүмкіндіктер мен білімнің әлемдік нарығы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.


Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтасты. Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. 
Ресей Федерациясымен ынтымақтастық. Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді..
Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық. Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауарайналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.
Мұсылман елдерімен ынтымақтастық. Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алгашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскеде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскедегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат кұруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстурлі діндер басшыларының Съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады.
ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері. Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.
Қазіргі кездегі Қазақстан мен ТМД елдерінің экономикалық жағдайы, оның каншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты болып отыр. Саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты орынға шықты. Қалыптасқан жағдайда халықты әлеуметтік қорғау институттары нарықтық қатынастар саласында болып жатқан өзгерістердің даму қарқынына ілесе алмай, еңбекке жарамды белгілі бір әлеуметтік топ корғаусыз қалады. Бұл адамдар үшін басты қорғаныс қызметі, әрі кепілі - ол елдегі кәсіптік білім беру жүйесін дұрыс жолға қою болып табылады. Білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті жалпы немесе кәсіптік білім бере аламыз. Тек қана нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғары білікті дәрежеде дайындалған кәсіптік мектеп, колледж не жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын толықтырып, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады. Сөйтіп, қоғамда болып жатқан экономикалық өзгерістер талабын бұрынғы білім беру жүйесі қанағаттандыра алмайды. Өндіргіш күштердің даму қарқынына ілесу үшін білім беру жұйесі мына төмендегі екі заңдылыққа сүйенуі керек: өндіргіш күштердің даму деңгейіне білім беру жүйесінің сәйкестігі; өндіріс қатынастар жағдайына білім беру жүйесінің сәйкестігі. Бұл сәйкестік алдыңғы қатарда болса ғана нәтиже бермек. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Новиковтың пікіріне сүйенсек, «жеке тұлғаға жалпы және кәсіби білім беру ісінің даму қарқыны өндірістің даму деңгейінен асып түсуі керек»-дамыта білім беру ісін басты принцип етіп ұстауымыз керек. Осы жерде жалпы бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшылар мен мамандар даярлауда тиісті білім мазмұнымен қамтамасыз етуде рөлі қандай деген сұрақ туындайды. Жалпы Қазақстан мен ТМД елдерінде еңбек ресурстары сапасы туралы мәселе бастауыш және орта кәсіптік білім мекемелері түсініктерінің дайындық деңгейі деген мәселемен ұштасып жатыр. Атап айтқанда, мұнда тек белгілі бір теориялық білім, кәсіби білік және практикалық дағдыны қалыптастыру ғана емес, әңгіме жеке тұлғаның бойында тиісті кәсіби шеберлік пен жалпы адамзаттық құндылықтарды еңбек барысында үйренумен қатар, сонымен бірге жаңа техника мен технологияларды өндіріске тиімді ендіре білу, қажет болған жағдайда нарық пен бәсекелестік талап етіп отырған кәсіп саласы мен мамандықты қысқа мерзімде игере білу қабілеттілігі де басым болуы тиіс. Көптеген дамыған елдерде әр адам өз кәсібі мен мамандығын 3-4 рет (ал, кейбір жоғары дамушы елдерде 5-6) рет өзгертіп немесе біліктіліктерін көтере алады. Қорыта келе, кәсіптік білім орындарын бітіруші түлектердің дайындық сапасына қойылатын талаптарды мына екі топқа бөлуге болады. Біріншісі - олардың білімі, біліктілігі және дағдысын арттыру деңгейі. Қазіргі педагогика ғылымы теориялық мәліметтерді практикалық тұрғыда іске асыра білу қабілеттілігіне баса назар аударуда. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелері жаңа қызмет түріне бейімдеуді қалыптастыруы қажет. Екіншісі - түлектердің ойында дара тұлғаға лайық кәсіби шеберлік пен әлеуметтік мәні бар қасиеттерді дамытуды басты назарда ұстау қажет. Қазіргі заманғы кезек күттірмейтін басты міндет - кәсіптік білім беруді ізгілендіру мәселесі. Практикалық педагогиканың да алдында тұрған қиын міндет - жеке тұлғаны кәсіби мораль негізінде тәрбиелеу. Оны кәсіби біліктілікпен қатар жүретін қасиет, өлшем десек те қателеспейміз. Бұл мәселені шешу жаңа типтегі кәсіби оқу тәрбие мекемелерінің үлесіне тиюі керек, олар жоғары кәсіптік білім беретін мектептер және кәсіптік лицейлер мен колледждер. Сөйтіп, казіргі кездегі кәсіби педагогиканың басты міндеті — осы оқу орындарына арналған білім мазмұнын жаңарту болып отыр. Осы мәселелерді сапалы әрі түпкілікті шешу үшін кәсіптік білім мазмұнына философиялық және әдістемелік-теориялық ғылыми негіздеме әзірлеу қажеттігі туындайды. Оның мына төмендегідей жолдары бар: адамзаттың дамуы мен оның өмір сүру кеңістігінің, қызметінің ажырамас бір бөлігі кәсіби ізгілікті философияның калыптасуы мен байланыста болуы қажет; жеке түлғалардың адамгершіліктік қасиеттері оның кәсіби шеберлік деңгейінің басты көрсеткіші, негізгі алғышарты болып табылуы тиіс; қазіргі кәсіптік оқу орындарындағы кәсіби білім берудің, оқытудың түпкі мақсаты моральдық ұстанымы жоғары кәсіпкерлерді тәрбиелеу болып отыр; XXI ғасыр кәсіби мамандарын тәрбиелеп, әзірлеудің, оларды жүзеге асыратын орталықтар болып қазіргі жаңа типтегі кәсіптік білім мекемелері, лицейлер, колледждер және кәсіби білім шеберліктерін тыңдау орталықтары болуы тиіс; жаңа кәсіпкерлік философияны негізге ала отырып, кәсіптік білім мекемелері, лицейлер мен колледждердегі білім мазмұнын, оның теориялық - әдістемелік негіздерін қайта әзірлеуіміз керек; үшінші мыңжылдыққа кадам басқан жаңа қоғамның мамандары мен кәсіпкерлерін қалыптастыратын негізгі тұлға — инженер-педагог кадрларды дайындауды, қайта әзірлеуді қолға алуымыз қажет; кәсіптік білім мекемелері мен оқу орындарын басқару жүйесі тек әкімшілік емес, оның білім мазмұнына толық жауап беретін, сол саладағы ғылыми-теорияльк әзірлігі бар, түпкі мақсатты болжай білетін, соған бар күш-жігерді ұжымда жұмылдыра алатын іскер басшы болуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесі - бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесінің мен қоса жиынтығы. Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мына төмендегідей: Бастауыш кәсіптік білім; Орта кәсіптік білім; Жоғары кәсіптік білім; Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім; Қосымша кәсіптік білім. Қазақстан Республикасында «Білім беру туралы» Заңының 22-бабына сәйкес мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; Орта білім; Жоғары кәсіптік білім; Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім. Бастауыш кәсіптік білім - кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсы бір кәсіп саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уакыт мерзімінде де жұмыс істей алады. Кәсіптік оқыту өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтары мен басқа да жұмысшыларды дайындайтын құрылымдарда атқарылады. Орта кәсіптік білім- колледждер мен училищелерде орта білім базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі. Колледждер мен училищелерде оқу мерзімі 3-4 жыл. Жалпы орта білімі, не бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша орта кәсіптік білімі қысқа мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар арқылы алуына болады. Колледждер мен училищелер тиісті лицензиясына сәйкес бастауыш және орта кәсіптік білім беруді жүзеге асырады. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар болса ықшам әрі икемделген бағдарламалар аркылы қысқа мерзімде қосымша мамандық иеленуіне болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 11 қазан 2001 жылғы № 1459 жарлығымен бекітілген «ҚазақстанРеспубликасында 2005-2010 жылдарға арналған білімдідамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес бастауышкәсіптік білім мен орта кәсіптік білім берудің бір бөлігі техникалықжәне ауылшаруашылық мамандықтары бойынша шоғырландырылып, орта білім жүйесіне көшіріліп, еңбек нарығы сұраныпотырған жаңа технологиялық талаптар негізінде жоғары сапалымамандар даярлай бастайды. Техникалық және кәсіби білім берудіңбазалық деңгейі — техникалык және қызмет көрсету саласыбойынша білікті жұмысшылар мен мамандар әзірлеуге бағыт алуытиіс. Орта кәсіптік білім берудің кейбір жекелеген бағдарламаларыбойынша орта кәсіптік білімді игеруді жаңа деңгейге көтереді. Бұлсатыдағы жалпы білім беретін бағдарламалар мазмұны кәсіптікбіліммен катар, жоғарғы оқу орнының 1-2 курстағы бакалавр деңгейін қамти алады. Қазақстан Республикасында мына төмендегі оқу орындары жоғарғы білімді жүзеге асырады. Университеттер, академиялар, институттар мен оларға теңестірілгендер (консерваториялар,жоғарғы мектеп, жоғарғы училище). Жоғарғы оқу орындары тиісті лицензиясына сәйкес жалпы орта білім, бастауыш және орта кәсіптік білім негізінде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыра алады. Жоғарғы оқу орнының кұрамына біртұтас оқу және ғылыми - өндірістік кешен ретінде қызмет атқара алатын заңды тұлғалық мәртебесі бар құрылымдар да кіруі мүмкін. Медициналық жоғарғы оқу орындарында өз алдына жеке клиникалық базасы болып, ол Қазақстан Республикасы Зандылықтарына қайшы келмейтін қаржы көздері арқылы қызмет ете алады. Қазақстан Республикасында жоғарғы кәсіби білім берудің мына төмендегі құрылымдары белгіленген: жоғарғы базалық білім (бакалавриат), оку мерзімі 4 жыл, оны бітіргендерге «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім алғысы келетіндер үшін оқу мерзімі әртүрлі болуы мүмкін: оқу мерзімі жоғарғы базалық білім негізінде - 2 жыл, арнайы жоғары білім бойынша - 1 жыл. Оларға «Магистр» академиялық дәрежесі беріледі. жоғарғы арнайы білім, оқу мерзімі 4 жылдан кем емес, қорытынды аттестатция бойынша оларға «жоғары білікті маман» атағы беріледі. Жоғары медициналық білім берудің кейбір мамандықтары бойынша, оқу мерзімі 7 жылды құрайды, оқу жылы интернатураны бітірумен аяқталады. Интернатурадан өтпеген бітірушілер, клиникалық практикаға жіберілмейді. Университеттер мен академиялар білім беру саласы бойынша орталық атқару органдары келісімі мен жоғарғы кәсіби білімнің белгіленген нақты бір мамандықтары бойынша кадр дайындаумен айналысады. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп саласы не ұқсас мамандықтар бойынша қысқа мерзімде жеделдетілген бағдарламалар мен жоғарғы кәсіптік білім ала алады. Сондай-ақ жоғарғы кәсіптік білімі бар азаматтар арқылы негізде қысқа мерзімде екінші жоғары кәсіптік білім алуға мүмкіндігі бар. Көп сатылы жоғары кәсішік білім беру мекемесінің құрылымы туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жоғарғы оқу орны өзінің ғылыми жұмыстарында Қазақстан Республикасының заңдылықтарын басшылыққа алады. Жоғарғы оқу орнындағы тәрбие жұмыстары студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және өндірістік бірлестіктері және оқытушылар мен қызметкер арқылы ортақ мақсатқа жұмылдырыла жүргізіледі. Жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім үздіксіз білім беру жүйесінің жоғарғы сатысы болып табылады және ол жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындауда өз алдына белгілі бір мақсат қояды. Азаматтардың жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім алуы үшін арнайы жоғары білікті мамандығы мен академиялық «Магистр» дәрежесі болуы керек, Медицина саласында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау клиникалык ординатураларда, аспирантурада, адъюниктурада жоғарғы оқу орнының докторонтурасында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, сондай-ақ ғылым кандидаттарын аға ғылыми қызметкер, ізденуші есебінде жұмысқа алу арқылы жүргізіледі. Оқу мерзімі аспирантура мен адъюнктурада күндізгі бөлімде 23 жылға дейін, сырттан оқыту бөлімі үшін 4 жыл, ал «Магистр» дәрежесі барлар үшін тиісінше 2—3 жыл көлемінде Ассистентурадағы өтіл мерзімі күндізгі бөлімде 2 жыл, сырттай бөлімде 3 жылдан аспауы керек. Докторантура мерзімі 3 жыл, ал аға ғылыми қызметкерлерді докторлық диссертациясын қорғау мерзімі 2 жыл. Жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру туралы Ережесі Қазақстан Республикасы білім беру саласы бойынша орталык атқарушы орган бекітеді. Білім беру мазмұны – кәсіптік қызметке оқып дайындалудың соңғы нәтижесіне қойылатын талапты белгілейтін санат. Мұнда бітірушілердің біліміне, шеберлігіне және дағдысына, олардың жалпы білімділік деңгейіне, ой өрісінің кеңдігіне, зияткерлік даму деңгейіне, танымдық қажеттілік пен қызығушылықтың қалыптасуына, маңызды кәсіптік қасиеттердің өзіндік дамуына дайын болуға қойылатын талаптар туралы айтылады. Бұл даму деңгейіне байланысты қоғаммен қойылатын талап және ол ғылым, мәдениет, өндіріс, қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отырады. Білім беру мазмұны – бұл білім беру орнының әр болашақ маманға қатысты іске асыруға тиіс мақсаты. Бұл мақсатты іске асыру білім беру мазмұны болып табылады. Оқыту мазмұны білім беру мазмұнының мақсатына қатысты құрал ретінде қатысады. Оқыту мазмұны ретінде оқу ақпараты және жиынтығында білімнің, шеберлік пен дағдының қандай-да бір жүйелерін меңгерудің әлеуетті мүмкіншілігін, қандай-да бір дүниетанымдық, азаматтық және маңызды кәсіптік қасиеттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін есептер, тапсырмалар және жаттығулар кешені қатысады. Оқыту мазмұны ықшамдалған түрінде - оқу жоспары, жазылған түрінде оқу бағдарламасы түрінде ұсынылған, ол толығымен оқулықтар, оқу құралдары, дидактикалық материалдар мазмұндарында, оқытушымен оқу ақпаратын мәлімдеуде ашылады. Кәсіби білімнің мазмұны болашақ мамандардың қоғамның мақсаттары мен талаптарына сәйкес білім, дағды шеберліктерінің жүйесінен білініп, олардың өмірге көзқарасы, азаматтық және кәсіби сапаларында, оның білу мүмкіндігі мен талаптарымен белгіленеді. Маманның дайындық деңгейінің талаптары, ықшамдалған түрде мамандық бойынша Мемлекеттік білім беру стандартында ұсынылғанан. Кәсіби білім беру стандарты бір жағынан, отандық және әлемдік еңбек нарығындағы бәсекелестігіне, қоғам мүшелері үшін әлеуметтік кепілдік ретінде қызмет жасаса, екінші жағынан, олардың дербес талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Бұл үшін ол қоғамның нақты ресурстарына сүйеніп (қоғамның сол уақыттағы мүмкіндік шегінен шықпайтындай), мазмұны мен көлемі бойынша да қабылдануға болатындай болып, шет елдік білім беру стандарттарымен түйісуі тиіс. Кәсіби білім беру ерекшелігі, жалпы білім берумен салыстырғанда, оның кәсіптер мен мамандықтарды таңдаудың үлкен мүмкіндігінде, жұмыскерлерді дайындау нысандарында, оқу-бағдарламалық құжаттамалар өмірінің едәуір қысқа мерзімінде, себебі, кәсіби оқытудың мазмұны ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жылдам өзгеретін еңбек мазмұнымен тығыз байланысты. Бұл жерде келесі заңдылық орын алады: кәсіби білім берудің төменгі деңгейі үшін бұл өзгерістер, жоғары деңгейдегілерге қарағанда (мысалы, техника мен технологиямен түйісе жұмыс істейтін жұмысшылары үшін еңбек мазмұны ғылыми-техникалық негіздер және техника мен технологияны жобалау әдістерімен істес болатын инженерге қарағанда көбірек өзгереді) жиі болады. Кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарт элементтік құрылымын қарастырайық-та, стандарттың жекелеген құрамдастары арқылы ашылатын жетекші түсініктерге тоқталайық. Кәсіби оқытудың мемлекеттік стандарт концепциясының маңызды теориялық ережелері «біліктілік» және «біліктілік деңгейі» түсініктерінің жетекші рөлін негіздеу болып табылады. Біліктілік сатысы – бұл кәсіпті (мамандықты) меңгеру үшін қажетті жалпы және кәсіби білім беру қатынасын және белгілі қатынасын сипаттайтын, кәсіби білім берудің үздіксіз жүйесіндегі кадрларды дайындаудың аяқталған кезеңі Берілген саты шеңберінде нақты тұлғаның кәсіби шеберлігін біліктілік деңгейі сипаттайды. Біліктілік деңгейі білім және шеберлік көлемі сияқты, білім және шеберлік ауқымы параметрлерін тексеретін объективті және диагностикалық жеткілікті тақырыптағы жеке тұлғаның оқығанына; білім және шеберлік сапасына байланысты. Кәсіби ауқымның күрделілігі мен ғылыми сыйымдылығы жалпы және кәсіби білім берудің көлеміне және қатынасына қойылатын талаптар анықтайды. Сәйкесінше, кәсіптер мен мамандықтар біліктілік сатылары бойынша тізілуі мүмкін. Қазіргі заманғы үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде бес негізгі біліктілік сатысын бөліп қараған жөн. 
Қорытынды
Екінші саты – негізгі жалпы білім беру және бастауыш кәсіби білім беру мекемелеріндегі бір-екі жылдық бөлімшелеріндегі сәйкес топтардың кәсібі бойынша кәсіби білім алу. Жалпы орта білім беру мен бастауыш кәсіби білім беру мекемелерін ұштастырып екі-үш жылдық бөлімшелеріндегі кәсіби білім беру Үшінші саты ретінде сипатталады. Біліктіліктің төртінші сатысы жалпы білім беру және кәсіби лицей, техникум, колледждер сияқты «беделді» кәсіби білім беру оқу орындарындағы кәсіби білім. Бесінші саты түрлі жоғарғы білім беру деңгейлеріне сәйкес келеді. Еңбектің интеллектуалдылық дәрежесі – ойлау және мануалдық қызмет қатынасын көрсетеді. Бастауыш кәсіби білім берудің кәсіптері мен мамандықтар тізілімі кәсіби топтар реестрі, кәсіптер және оларға кіретін мамандықтарды білдіріп, бастауыш кәсіби білім беру мекемелерінде дайындалып, мемлекеттік деңгейде «Білім туралы» заңмен реттеледі. Бұл құжатта кәсіптер мен мамандықтар оларды меңгеру үшін қажетті, жалпы жіне орта білім беру қатынасының аумағын реттейтін, біліктілік сатылары бойынша реттеледі. Әр кәсіпке және мамандыққа қолданылатын ең кем (базалық) оқу мерзімі мен мүкін болатын мамандықтар белгіленген. Параметрлердің бөлігі директивті түрде тағайындалады: базалық кәсіби білім алудың ең кем мерзімі, біліктілік сатысы; басқа параметрлер – нақты оқу мерзімі, мамандықтардың саны және құрамы, т.б. - өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Кәсіби білім беру мемлекеттік стандартының маңыздылығы бойынша келесі элементі, кәсіби білім беру мазмұнының негізгі инвариантты құрылымдық бөліктерін көрсететін оқу жоспарының моделі болып табылады. Қазіргі педагогикада оқыту нысандары және оқытуды ұйымдастыру нысандары болып бөлінеді. Оқыту нысандары – бұл оқушылардың оқу топтарында, микротоптарда, жекелеген оқушылардың өзара және оқу түрінің (фронтальды, топтық, жеке, қос-қостан) шеңберіндегі оқытушымен арасындағы өзара қатынасының түрлерін ұйымдастыру. Ғалымдар «Оқытуды ұйымдастыру нысандары» деп «тарихи қалыптасқан, жүйелілік және тұтастық, өзіндік даму, жеке қызметтік сипат, қатысушылар құрамының тұрақтылығы, белгілі өткізу тәртібінің болуы тән тұрақты және логикалық түрде аяқталған педагогикалық процесті ұйымдастыруды» атайды. Өндірістік оқытуды ұйымдастыру нысандары Өндірістік оқыту процесі әртүрлі нысанда жүргізіледі: өндірістік саяхат, практикум, кеңес беру, кәсіптік мектептің, лицейдің оқу цехындағы сабақ, кәсіпорындардың цехтарында оқыту, жұмысорындарында өтетін бітіру алдындағы өндірістік тәжірибе және т.б. Нақты бір кәсіпті оқуда әдетте нақты нысандар өз міндеттерін орындайтын ұйымдастыру нысандарының кешені пайдаланылады.








Қолданылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. //Қазақстан экономикалық , әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында,Астана : Елорда , 2005ж
2. Тоқсейітов Р.Қ. Экономикалық сөздік- анықтамалық . Қарағанды, 1999жылы.
3. Қазақстан Республикасындағы статистика агенттігі . Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету. // 2002 жылы.
4. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет. Статистикалық жинақ . /Редакциясын қараған Б. Тортаев /- Алматы , 2003
5.  Шөкенов Қ. «Мемлекет пен инвесторлар диалогы» // Дүние журналы -2003жылы, 
6.  Шөкенов Қ. «Инвестиция игіліктерін ел көре бастады» //Дүние журналы –2004 жылы,.



Категория: қазақстан тарихы | Добавил: админ | Теги: әлемдік, ТМД, нарығы
Просмотров: 3643 | Загрузок: 74 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz