Суббота, 04.05.2024, 05:14
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » қазақстан тарихы [ Добавить материал ]

ХV-ХVШ ғғ. Қазақстанның сауда –экономикалық байланыстарының дамуы.
[ Скачать с сервера (60.0 Kb) ] 25.02.2014, 18:29
Бұл материалдар интернет желісінен алынған. Көшіру кезінде menkazak.ru сайтына сілтеме жасалу керек
ХV-ХVШ ғғ. Қазақстанның сауда –экономикалық байланыстарының дамуы.
Қазақстанның сауда-экономикалық байланыстарын адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында  қалыптасқан дейбіт қарым - қатынас көрсетіп отыр. "Ұлы - жібек  жолы” - Жерорта теңізінен  Қытайға дейін Евроазияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ал сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды сауда - қатынас жолы.
Отырықшы егіншілік шаруашылықпен қала қөлөнері арасындағы, екіншіден көшпелі мал шаруашылығы арасындағы еңбектің қоғамдық дамуы тарихтың алғашқы сатысында-ақ бейбіт экономикалық қатынастың қажеттілігін талап еткен болатын, онсыз көшпелі халықта, отырықшыларда ұзаққа бара алмайтын еді. Сондықтан екі жақта алдарында кездескен барлық кедергілерді жеңе отырып, өзара тұрақты шаруашылық байланыстарын қалайда сақтауға тырысты.
Б.Д.Греков пен А.Ю.Якубовскийдің айтуы бойынша, "феодалдық дәуірде егін шаруашылығы мен көшпенділер көршілес тұрған жерлерде олжа табу үшін” жасалатын әскери жорықтар бейбіт сауда байланыстарымен алмасты. Орта Азияның, Монғолия мен Қытайдың тарихы да осы тектес факторларға толы.
Бұл шаруашылық байланыстары әсіресе отырықшы егіншілер шаруашылығына қарағанда барынша бір жақты сипатта болған,сондықтанда оқшауланып тіршілік ете алмайтын көшпелі малшылар шаруашылығы үшін аса үлкен роль атқарылды. Тарихтың барлық кезеңдерінде де көшпенділер егіншілік пен қолөнер өңімдеріне мұқтаж болды,өйткені өз шаруашылықтарының сипатына қарай олар өздері бұл өңімдердің өңдірісіне қажетті мөлшерде қамтамассыз ете алмады. Сондықтан-да көшпенділер көрші отырықшы егіншілік аудандарымен тұрақты сауда байланыстарын ерекше бағаланған, әрі көбінесе осы байланысты қалыптастыруға белсенділік таңытқан.
Отырардан, Сырдариядан және басқа "Жібек жолындағы” қалалардан табылған алтын, күміс көмбелі халқаралық сауданың жоғарғы деңгейде болғандығын көрсетеді. Сол кезеңдерде сауда үшін қолданылған ақшалар, теңгелер және заттай нәрселер.
Көшпелі және отырықшы аудандар арасындағы өзара қатынас негізінде қоғамдық еңбек бөлімшесінің обьективті экономикалық заңы бар даусыз жағдайға негізделген бұл тұжырым көптеген факторлармен дәләлденді. XV-XVІІІ ғасырлар тарихында ондай мысалдар көптеп кездеседі,өйткені бұл кезеңдерде әр түрлі саяси түсініктер бойынша жүзеге асырылатын, тікелей тиым салу немесе көшпенділер аудандарымен сауданы шектеу жолымен аталған байланыстардың бұзылу жағдайлары байқалды. Бұл тиым салулар сауда қатынастарының ұзаққа созылған үзілісін тудырады. Тарихтын осы кезеңіндегі Қазақстанның көрші мемлекеттерімен шаруашылық байланыстары жайлы тарихи мәліметтер өте бытыранқы және жеткіліксіз.
Міне, сондықтан да XV - XVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның сауда-экономикалық байланыстары өте үлкен қызығушылық тудырады.  Тарихтың осы кезеңдегі Қазақстанның көрші мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынастары жайлы мәліметтер өте бытыраңқы және жеткіліксіз.  Қазақстанның  Рессеймен, Қытаймен және Орта Азиямен сауда қатынастары жайлы мағлұматтар бар. Алайда, олардың ықшамдығына қарамастан, бұл өте айқын дәлелді  мәліметтер.
Рессеймен және Орта Азиямен сауда-экономикалық қатынастарының кеңейуі
Көшпенділердің  Ресеймен сауда байланыстарының ұзақ тарихы бар. Кең байтақ далалар барлық ежелгі және орта ғасырлық тарих бойында бір-бірін алмастырған көптеген көшпенді халықтар іс әрекетінің көршісі болды. Осы кең далаға жалғасып жатқан көшпелі аймақтарға ең жақын орналасқан Киевтік Русь орыс мемлекеті өз тарихының басталуынан-ақ өздерінің көшпенді көршілерімен азды көпті тығыз шаруашылық байланыстарында болды .Сонымен бірге нақ осы шаруашылық байланыстары олардың өзара қарымқатынасының бір ерекшілігі еді. А.Ю.Якубовский былай деп жазды "Қылышсыздармен әскери қақтығыс туралы әңгімелерге толы орыс буржуазиялық тарихнамасы орыс княздары мен қыпшақ даласының арасындағы қатынастар үшін соғыстар мен шаруашылықтар емес қарқынды тауар айырбасы барынша тән, әрі әдеттегі жағдай екендігін көрсете алмады”.
Мұндада, барлық жерлердегідей,көшпенділер тіпті әскери әрекеттердің шиеленіскен кезеңінде де сауда байланыстарын үзбей әрекетсіздік пен енжарлық емес белсенділік танытты. 1148 жылы қыпшақтар жорыққа шыққан орыс әскерлерінің қыпшақтардың орныққан жері жайлы хабардар еткен сауда керуеніне кез болуы туралы мәлімдеген Илатевскаяның шежіресі осының айқын дәлелі болып табылады.
Еділ мен Жайық аралығында көшіп қонған қазақтардың Мәскеу мемлекетімен сауда қатынасы туралы ертеректегі қолжазбалар XVІ ғ-ң басындағы европаның авторлардың қылқаламына тиеселі Итальяндық Иовий айтуынша, олар Мәскеу мемлекетіне жүйрік жылқылар үйірі мен жүннен тоқылған аса белгілі ақ маталар өткізіп сатқан ,одан жаңбырдан жақсы қорғаныш болатын әдемі маталар дайындаған. Есесіне олар мәскеуліктерден көйлектер мен күміс теңгелер алса, ал қару-жарақтарды (қылыш, темір дуылғы мен сауыттар) парсылықтардан алған. Шаруалар өздеріне керек дайын киім-кешек пен басқада тұрмысқа қажетті заттарға айырбастауды жөн көрсе, ал олардың көпестері ғана саудада ақшаны пайдаланады.
Герберштейннің айтуы бойынша ноғайлардың бір бөлігі қалалар мен ауылдарда отырықшы тіршілік еткен. Отырықшы ноғайлардың егіншілік пен айналысқан,сондықтанда көшпелі мал шаруашылығымен айналусышылардың нанға деген сұранысын белгілі бір мөлшерде  қамтамассыз еткен. Ноғайлар көп мөлшерде жылқымен басқада мал түрлерімен сауда жасаған . Тарихшы С.М.Соловьевтің айтуынша ноғайлар өздерімен бірге үйірлі жылқы алып тіпті Мәскеудің өзіне келген. Мәскеуге ноғай болыстарынан кейде жылына 50 мыңға дейін жылқы жөнелтетін болған. Ал қойға келетін болсақ, мүмкін оған мәскеу мемлекеті мұқтаж болмағандықтан болар, Казанда өткерілген, оған жылына ондаған мың бас қойдан сатуға айдалған.
XVІғ-да Ресеймен өзінің ауқымды сауда қатынастарын орнатқан Жайықтың төменгі ағысында орналасқан Сарайшық қаласы белгілі болған. Сарайшықтан Мәскеуге жыл сайын мал шаруашылығының өңімдері жөнетілген, ал XVІғ-да Қазақстанның оңтүстік аудандарында тұратын қазақтар Орта Азияның кең байтақ өлкесімен барынша тығыз шаруашылық байланыста болды. X-XІ ғасырларда-ақ мұнда түрік оғыздары билік еткен тұста пайда болған Сырдария маңындағы қалалар Қазақстанның мал шаруашылығымен өнімдерін және үй кәсіпшілігінің бұйымдарын өткізіп, Сырдария маңындағы қалаларда жасалған, сондай-ақ Орта Азиядан әкелінген қала қолөнерінің өздеріне қажетті бұйымдарын тұтынатын жақын маңдағы сауда орталықтары ретінде болған . Бүл жерден өз егін шаруашылығы болмаған қазақтар қажетті егіншілік өнімдерімен қамданған. Көшпелі қазақтар үшін Ақ Орданың бұрынғы астанасы Сығанақ аса үлкен маңызға ие болған, ал қазақ халқы үшін сауда орны болды. Көшпелі аудандар шекарасында орналасқан Сығанақ өзінің кең -байтақтығымен белгілі болды және бүкіл Қыпшақ даласы мен Орта Азия, Шығыс Түркістан, Мауараннахр мен Қашғардан әкелінеді. Осыған байланысты Сығанақ әрдайым көпестердің шоғырланған орнына айналды. Мүнда қашанда барлық елдердің тауарлары жеткілікті болған.
XVғасырдың соңында Сырдария маңындағы қалаларда көшпелі өзбек мемлектінің негізін салушы Шейбани хан жаулап алды. Орта Азиямен делдалдық байланыстарды иелік ете отырып  қазақтардың экономикалық жағынан күиреуін қалады және соған тырысты.
Бұған негізгі құрал ретінде ол қазақтармен Сырдария маңындағы шекаралық қалаларда сауда жасауға тиым салуды таңдап алды. Бейбіт сауда қатынастары арқылы өнеркәсіп өңімдерін,әсіресе оларға аса қажетті мақта -мата бұйымдарын тұтыну мүмкіндігінен айырылған қазақтар бұл экономикалық қоршауды күшпен бұзу үшін шаралар қолдануға мәжбүр болды.
Малшы көшпенділердің әрдайым қала өнеркәсібінің өніміне қатты мұқтаждық көргендігін аса сенімді және көрнекі түрде байқатады. Бүл бұйымдардың қажеттілігі мен оларды көршілерімен тұрақты сауда арқылы алып тұрудың бірден-бір мүмкіндігі, саудаға тиым салған жағдайда, көшпенділердің бұл бұйымдарға күшпен тонаушылық, шапқыншылық жолмен қол жеткізуге немесе өздеріне аса қажетті қала орталықтарына иелік ету мақсатында, жаппай жаулап алу соғыстарын ашуына себепші болды.  
Қазақ шонжарлары XVІ ғасырдың соңында Тәуекел хан Бүхар хандығының әлсіреуі мен өлімін пайдаланып сығанақ, түркістан мен ташкентті жаулап алып 200 жыл бойы, XVІІІ ғ. соңына дейін билігін жүргізді, осыған байланысты қазақ көпестерінің кең байтақ көшпелі өлкемен саудадағы ролі сөзсіз артты. Орал маңындағы және одан арғы аудандармен тікелей қарым қатынасқа кіріскенге дейін орта азиялықтауарларды өздеріне бауырлас бұхараның көпестерімен бірге ілгері жылжытумен болды.
Ресей қазақ даласымен өтетін, Орта Азиямен және басқада Шығыс елдерімен транциттісауда жолдарының қауіпсіздігіне қамтамассыз етуге мәжбүр болып, қазақ хандығымен байланыстарын нығайтуға қадамдар жасады. Орыс мемлекеті тез арада қазақ даласындағы саяси жағдайға, қазақ хандығының көршілерімен өзара қарым қатынасына көңіл аудара бастады.
Осы кезеңде тарихта бірінші рет Ресей Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатуға әрекет жасады.
XVІІ ғ-да шекаралық аймақтарда орыс елді мекендері пайда болды. 1645 жылы Гурьев қаласы,1717 жылы Ома өзенінде Омбы қаласы, 1718 жылы Семей және 1720жылы Өскемен қалалары салынды. Сауданың дамуына екі жақта мүдделі болды. Ресей әкімшілігі өз тарапынан орыс мемлекетінің шеңберінде көпестерді қорғау үшін, әскери бөлімдерге тиісті жарлық берді.
Көрші мемлекеттермен сауданы тек қана шонжарлар және ең алдымен хандардың өзі жасасқан.   Шонжарлардың кейбір топтары сауда буржуазиясының ролін атқара бастады. Шонжарлар сауда-капиталының қорларын жинай бастады, осының арқасында таптар пайда болды. Макаров жәрменкесі, Орынбор маңындағы айырбас алаңы Хиуа, Ташкент, Бұхара, Қоқан - осының бәрі де қазақ хандарының өкілдері мен байларының Ресей және Орта Азиялық хандықтары арасында сауда жасауға келетін орны болды.
Осылайша, көшпенділер, отырықшы халықтар шет ел мемлекеттерімен ерте уақыттан бері сауда қарым-қатынаста болғандықтарын көрсетеді. Ол тек кейбір таптардың ошақтары жақсарғандығын қана емес сонымен бірге сол кезеңдері экономикамыздың дамығанын, алға жылжығанын көрсетеді.
Қазақстанның Қытай және Монғолиямен сауда қарым-қатынасы
 Қазақстанның экономикалық өмірінде бастапқы орын алған сауда болды Көршілес орналасқан елдерге көшпенділер өз өнімдерін өткізіп, олардан өздеріне тұрмыстық қажет өнімдерін алды. Олар, әр түрлі өнімдер, қазақ халқының талабына сай келетін. Мысалы: жібек, кенеп, қазан, халаттар, орамалдар, аяқ-киім және т.б. басқа өнімдерді алатын болған.
Ежелгі уақытта Қытай өкіметі, ғұңдық көшпелі мемлекеттің талабы бойынша шекаралық нарықтар ашқан, бұл әдетте шекарадағы азды көпті тыныштықтың айтарлықтай маңызды шартарының бірі болған. Ол нарықты көшпелі ғұндар жоғары бағалаған және Қытаймен соғыс әрекетерінің кезінде де оған келуін тоқтатпаған, ал мұны қытай өкіметі өздерінің соғыс мақсатында жиі пайдаланған. Мысалы, Қытай әкімшілігі ғұндардың шекаралық нарықтарын жаулап алып отырған.
Көшелі аудандармен көрші отырған Қытайдың отырықшы тұрғындары өздері өсіргенен гөрі көшпенділерден мал,жүн алуға ежелден дағдыланған. Аңшылар шәйді де жақсы алған. Қытайдың кейінгі егіншілік аудандарына ежелден жердің әр бір бөлігін азық түлік және техникалық дақылдар егісіне қолдану аса егіншілік пен тән болған. Сондықтан бұл аудандарда жылқы шаруашылығына қажетті азық қоры өте аз немесе мүлдем болмады.
Қытай халқы да көшпенділермен тұрақты сауда байланыстарына мүдделі болды және оның мүддесін өкімет ескеру тиіс еді. Көшпенділермен сауда өте тиімді болды және бұл тиімділікті көп уақыт көпестер пайдаланса, XІV ғасырлардың соңына өкіметтің саудадағы монополиясына байланысты бұл пайда қазынаға түспейтін болған. Бұл сауда жасау үшін нарықтар шекаралық аймақтарда жылына үш рет ашылатын болған. Бүл шекаралық нарықтағы көшпенділер сиыр, жылқы, тері сондай-ақ алтын мен күміс әкеліп, Қытай саудагерлері мен айырбасқа жібек, кенеп,қазан алған. Жоңғарлар өз мемлекетінің экономикалық негізін нығайтуға бағытталған бірқатар шаралар қолданды. Осы мақсатқа жету үшін оның Шығыс Түркістан мен Жетісуды жаулап алу үшін маңызды роль атқарды.
XVІІ ғасырдың басында Жоңғарлар Ертістен бастап Іле мен Тянь-Шаньның солтүстік баурайына дейін, қазіргі Моңғолстан аумағын Балқаш көліне дейін қамтып өздерінің бүкіл көш-қонымен батысқа қарай жылжыды.
Осы уақыттан бастап Қазақстандағы Жоңғарлардың және Қазақстанның Сібірдегі орыс иеліктерімен саяси және сауда қатынастары қалыптасты.
1606 жылы торғыттардың басшысы Тарға Қамысты және Ишим өзендерімен көшуге рұқсат сұрап, әрі сауда адамдарын бөлуді өтініп елші жібереді. Келесі жылы татарлық әскери басшылары жоңғарларға Мәскеу азаматтығын қабылдау ұсынады, араларында келісім шарт жүргізіледі.
Осылайша, көшпелі жоңғарлар, Ресейдің оңтүстік шекарасына келе отырып, мұнда да тұрақты сауда мүддесін алдынғы орынға қояды.  Осы мүдделер оларды, алдымен Сырдария мен Жайық арасында, кеиінен Ембі мен Жайық арасында көшіп-қонуларды сібірлік қалалармен сауда байланыстарын жасасуға итермелейді.  Бірақ бір мезгілде олар жаңа көршілері - Хиуамен, Бүхарамен сауда байланыстарын қалыпқа келтіреді, бұл жерде олар үшін үлен маңызға ие бола бастайды.   
XVІІ ғасырдың екінші жартысында Яныш көлінің жағалауындағы жәрменке Ертіс даласындағы көшіп - қону қазақтармен сауда орны ғана емес, сондай-ақ  Сібір, Жоңғарияның негізі аймағымен, Шығыс Түркістанмен және Қытаймен байланыстырған керуен саудасын тарту орталығы болады. 
Уақыт өте келе орыс көпестер де қазақ даласының алыс өңірлеріне, іле өзеніндегі хан ордасы мен одан өрі Шығыс Түркістанға жол тарта бастаған.   Семейде тұрақты сауда біраз кейінірек, атап айтқанда 1738 жылы, мұнда алғаш рет тауарлармен 250 бұхаралық көпестердің келуімен басталады.  Семейден Жоңғорияға шыққан керуендер Текес өзенінің жоғарғы сағасына дейін 60 күндей жол жүрген.  XІXғ. 40 - 50 ж.ж. Семей кедені арқылы сырттан  әкелінген және сыртқа шығарылған тауарлардың құны 900 сомдай болды.  Алайда мұндай жағдай ұзаққа созылмады.  1747 жылы өкімет орыс көпестеріне  Жоңғорияға, сондай-ақ Шығыс Түркістанға жолға шығуға тыиым салынды.  Орыс көпестері үшін бұрынғы еркін керуен сауда тек  XІX ғасырдың басында қалпына келтірілді.
Фискалды (мемлекет қазынасына байланысты) мақсаттарды көздей отырып, патшалық  Ресей өкіметі орыс саудасының Жоңғориямен және  ортаазиялық хандықтармен мүмкіндігін шектеу арқылы, орыс сауда капиталын Шығыс Түркістан мен Орта Азия сауда капиталына қарағанда айтарлықтай қолайсыз жағдайда қалдырды, өйткені оларға көшпенділермен тиімді делдалдық саудадан түскен пайданың ең көп бөлігі тиеселі болды.
XVІІ ғасырдың басындағы мал бағасы Батыс Сібірде 1,2-1,5 сом мөлшерде болған болса,   XVІІІ ғ 60 жылдарында 30-70 тиын аралығында болған екен.
XVІІ ғ. екінші жартысында  Сібірдегі  Жоңғарияның  негізгі аймағымен, Шығыс Түркістанмен және Қытаймен байланыстырғаны керуен саудасын тарту орталығы болды.
Көшпелі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қоғамның тұтастай экономикалық негізін құрады. Егер көшпенді егіншінің өнімінсіз күн көре алмаса, егін шаруашылық өндірісі де көшпенділер нарығының сұранысымен ынталандырады.  Оның үстіне, егін шаруашылықтық алқаптар нарығы да сондай-ақ мал шаруашылықтық тайпалардың дәстүрлі тауарларына мұқтаж болды. Бүл аймақтардың өзгешелігі - көшпенділік пен отырықшылыққа өту барысы өзара байланысты болғандығында, өйткені, көшпенділер егіншілікпен және қолөнермен айналыса отырып отырықшы халық қатарын  толықтырса, ал отырықшылар жиі көшпелілікке ауысып, малшылар қатарын толықтырды. Бүл жерде әсіресе көшпелі - малшылар мен егіншілер әрдайым қарсыластай болмай, қоғамның тұтас өндіргіш күштерін құрағандығы айқын білінеді, яғни егіншілікпен айналысатын халық жасампаз күш ретінде, ал көшпелілер - жабайы, қоғам дамуын қиратушылар ретінде болатын қоға болған емес.
Ежелден бері қазақтар орта азиялық хандықтарымен, Шығыс Түркістанмен, Қытай және Иранмен сауда жасасқан. Орта Азиялық нарықтарға мал айдап әкеліп, мануфакура  бұйымдарына  егіншілік  өнімдеріне айырбастаған.  Өз кезеңінде хиуалық және бұхаралық сауда керуендері қазақ даласына шығып, сауда қазақстанның көш-қоныстарында да жүргізілген. Мүндай айырбас тұрақты сипат алды. XVІІІғасыр орыс қазақ қатынастарының даму барысын анықтаған жаңа оқиғалармен басталды.



Категория: қазақстан тарихы | Добавил: админ | Теги: сауда –экономикалық
Просмотров: 2713 | Загрузок: 74 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz