Пятница, 03.05.2024, 18:47
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » қазақстан тарихы [ Добавить материал ]

ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдағы империалистік елдердегі педагогика.
[ Скачать с сервера (44.0 Kb) ] 25.02.2014, 18:08
Бұл материалдар интернет желісінен алынған. Көшіру кезінде menkazak.ru сайтына сілтеме жасалу керек
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдағы империалистік елдердегі педагогика.
«Азаматтық тәрбие» мен «Еңбек мектебі» педагогикасы:  ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас жағында пайда болып қалыптасты. «Еңбек мектебі педагогикасы» және «Азаматтық тәрбие теориясы» деген болды. Бұл теорияны рекцияшыл неміс педагогы Георг Кершенштейнел (1854-1932) енгізді. әртүрлі рекцияшыл педагогикалық теориялардың дәлелінше мектеп «әлеуметтік тұрақсыздыққа» қарсы, таптық күрес пен ревалюцияшыл қозғалысқа қарсы, еңбекшілер арасына марксизмнің тарауына қарсы күресуге тиіс. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Германияның экономикасының өсуі жеделдеді. Буржуазияға техникамен қаруланған, саяси сол буржуазияға тәуелді тәрбиеленген жұмысшы керек болды. Г.Кершенштейнел буржуазияның осы мүдделерін қанағаттандыратындай педагогика мәселелерін зерттеді. Мектеп міндетін анықтасақ, мектеп түгелімен буржуазиялық мемлекеттің (Германия империализмнің) мүддесіне қызмет етуі тиіс. Г.Кершенштейнер әсіресе пролетариаттың снссының жетілуінен, жұмысшы қоөғалысының өрлеуінен сескенді. Әңгіме халық бұқарасы жөнінде болғандықтан, Кершенштейнер мектеп тәрбиесінің негізгі мәні – оқушыларға белгілі идеяларды сіңіру деп есептеді. Ол бұл тәрбие арқылы еңбекшілерді шовинистікке тәрбиелегісі келді, бағынуға ғана икемді жұмысшылар мен солдаттарды даярлауды көздеді. Кершенштейнердің «Еңбек мектебі» педагогикасының негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекке деген ұқыптылық әдеттерге, үнемі сөзсіз бағынып, бой ұсынушылыққа, міндеттеріне сөзсіз берілгендікке жүйелі түрде тәрбиелеу. Осының барлығы буржуазия талаптарын орындауға бағытталды. Демек, Кершенштейнер буржуазия мүдделерін қанағаттандыратындай еңбектің тәрбиелік әсеріне үлкен мән берді, яғни ол еңбекті «Азаматтық тәрбиенің» ең маңызды құралы деп есептеледі. 
Керенштейнер «Азаматтық тәрбиені» осылай бұқараның ревалюцияшыл талабымен күресетін құрал ретінде қарады. Оның ұсынған «Азаматтық тәрбие» теориясы, онан туатын, «Еңбек мектебі» идеясы мүлдем реакцияшыл бағытта құралды. Сондықтан да Н.К.Крупская: «Кершенштейнер демократизм атаулыдан алыс... ол буржуазиялық мемлекетке бас иіп, соның мүддесін барынша қорғап, өзінің педагогикалық қызметін де соның мүддесімен ұштастыра жүргізеді» - деп жазды. 
     Іс-әрекет педагогикасы: ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап неміс буржуазиясының белгілі педагогы Август Лай (1862-1926) «Іс-әрекет педагогикасы» теориясын енгізді. өзінің ғылыми педагогикалық зерттеулерінің бастапқы кезінде Лай экспериментальдық педагогикамен айналысты. 1903 жылы басылып шыққан «Экспериментальдық дидактика» еңбегінде эксперимент арқылы кебір оқу пәндерінің әдістері мен тәсілдерін негіздеуге тырысты. Мұнан кейін 1908 жылы оның «Экспериментальдық педагогика» еңбегі жарыққа шықты. өз заманыңдағы мектептердің талаптарына жауап беру мақсатымен Лай 1911 жылы «Іс-әрекет мектебі» деген еңбегңн жазды. өз еңбегінде мектептерде үстем болып отырған кітаппен сөйлесу арқылы ғана оқыту әдісін сынады. Бірақ оның оқыту әдістеріндегі ойлары тым тұрпайы болатын. Оның «Іс-әрекет мектебінің» негізінде жалаң биологизаторлық теория болды; оның ойыеша, кез келген организмнің ең қарапайым түрінен бастап адамға дейіңгілердің барлығының әрбір өмір жолы мынадай схемадан өтеді: қабылдау, қайта өңдеу, әрекет. Осы жалаң схемада Лай негізгі көңілді үшінші кезеңіне – суреттерге, бейнелеуге немесе әрекет бөлді. Осыдан оның бүкіл теориясы «Іс-әрекет педагогикасы» деп аталды. «Іс-әрекет» деген ұғымды Лай балалардың тек қана дене қимылы, қозғалыс реакциясы деп түсінді де, тәрбие мен оқуды реакциялар тудыру деп есептеді. Осылай Лай педагогиканы биологизациялады.
«Іс-әрекеттің» негізгі құралдыры әртүрлі бейнелеу істері болып саналады. Олар: сурет салу, өрнектеу, кескіндеу әрекеттері, сызу, модель жасау, ән, музыка, драма,т.б. Лай үлгісімен оқытқан мектептерді сол кезед иллюстрациялау мектептері деп атады. Бұл мектептерде оқу уақытының көбі сурет салуға, схемалар сызуға, модель жасауға, ән-музыкаға бөлінді де, білімнің көлемі кеми түсті. Бейнелеу жұмыстары оқушылардың нағыз білімдік істерден көнілін бөліп отыратын. Балалардың бейнелеу әрекеттерін Лайдың шектен тыс дәріптеп, оқыту ісін қатарға қоып, оған аз көңіл бөлууі теріс көзқарас болып саналады. Бұл бағыт оқушылардың жалпы білім дәрежесінің төмендеуіне әкеліп соқтырды. Тәрбие мәселесінде Лай ұлтшылдықты және діңи тәрбиені жақтаушы болды. 
  Эксперименттік педагогика: Империализм дәуіріндегі буржуазиялық педагогикада көрнекті орында болған, мұның белгілі өкілдері неміс педагогтары Эрнст Мейман (1862-1975) және Лай болды. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Германия мен Америкада құрылған эксперименттік педагогикалық психологияның лабараториялыры кейіннен Англияда, Францияда, Италияда, Россияда ашылды. Кейіңірек оқу мен тәрбиенің проблемалары біртіндеп эксперименттік зерттеу арқылы жүргізіліп отырды, сөйтіп, эксперименттік педагогика ерекше бағыт болып дамыды. Эксперименттер үшін әдейі жасалған өлшеу приборларының көмегімен және арнайы байқауларды ұйымдастыру арқылы балалардың дене дамуының кебір заңдылықтары анықталды, балалар шығармасының (сурет салу) жалпы ерекшеліктері зерттелді, балалардың қабылдауын, ойын дамытуға шығармашылық еңбектің маңызы бары анықталды. Мұнда басқа да бағалы байқаулар мен қорытындылар жасалды. Бірақ эксперименттік педагогиканың қайраткерлері баланың эксперимент арқылы зерттеудің басқа ғылыми-педагогикалық зерттеулердің басқа әдістерін мойындамады. Сонымен бірге олар баланы қоғамдық жағдайлардан бөліп алып қарады, тәрбиенің әлеуметтік құбылыс екендігін ескермей, оны тек қана жалаң биологиялық құбылыс ретінде қарады. Эксперименттік педагогиканың өкілдері теорияның зерттуге көңіл бөлмеді, олар тек қана эмпериканы, «объективті» мәліметтерді мойындап, филасофиялық педагогиканы субъективтік деп есептеді. Эксперименттік педагогика қорытындылары мен тұжырымдары тікелей психологияның мәліметтерімен ғана шығарды. Эксперименттік педагогиканың көрнекті өкілі Эрнест Мейман өзінің экспериментінде баланы алдын ала құрылған жасанды лабараториялық жағдайда зерттеді. Баланы әртүрлі әрекетте зерттемей, оқу үстіндегі тұтас оқушы ретінде қарамай, оны психикалық функциялары бойынша (ес, зейін, елес, ойлау, сезім, т.б) зерттеді. Э.Мейман психологиялық экспериментті – негізінен жетілу және жұмыс үстіндегі балаға жүргізілетін психологиялық эксперимент дап есептеді. Америка педагогтары С.Холл, Трондайк пен француз психологы Бине еңбектерінде  экспериментальдық педагогика педологияға барып ұласты. Бұлар өздерінің қорытындыларын оқытудың тест методикасы негізінде құрды. Бұл әдіс бойынша, балаларды жете және жеткілікті мерзімде тексерместен, жасанды түрде құрылған тестер (сұрақ және тапсырма) бойынша 5-6 минут ішінде баланың дарындылығы анықталды. Бұл әдіс арқылы буржуазиялық мектептерде буржуазия балалары еңбекшілер балаларымен салыстырғанда, ақыл-ой жағынан жоғары тұрады деген ғылымға қайшы жалған дәлелдер айтылды. 
 Прагматикалық педагогика: Америка Құрама Штаттарында ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, тым кең тараған филасофиялық жүйелердің бірі прагматизм филасофиясы болды. Оның толық түрде негізделген Джемс еді. Прагматизм үшін пайдалы нәрсе ғана шындық-ақиқат болып саналады. Джемс: «Біз үшін ең жақсы қызмет етуші, бізді жетелеп бағыттаушы - өмірдің әр бөліміне ең ыңғайлы да пайдалы келетін» - деді. 
Осы филасофияға сүйене отыра буржуазия өзіне пайдалылардың және өз мүдделерін қанағаттандыратындардың барлығын «ақиқат-шындық» деп жариялады. Империализм дәуіріндегі Америка буржуазиясына тән талаптарды толық негіздеген белгілі философ-педагог Джон Дьюи (1859 – 1952) болды. Дьюи Чикаго университетінің педагогика кафедрасының профессоры болды. Ол педагогика мен педагогикалық психология жөнінен көптеген еңбек жазды. Олардың ішінде кең таралағандары: «Мектеп және қоғам» (1899), «Мектеп пен бала» (1902), «Болашақтағы мектеп» (1915), «Біз қалай ойлаймыз» (1910), «Демократия және білім» (1916) т.б. филасофия саласында Дьюи осы кездегі прагматизм бағыттарының бірі – «инструментализм» бағытының көрнекті өкілі болды. Бұл бағыттың дәлелдеуінше кез келген теория, кез келген идея белгілі бір жеке адамға пайдалы болса, оны «әрекет инструменті» деп қарау қажет деді. Мұндай филасофияға негізделген педагогика, әрине, сыңар жақты, жалаң «іскерлік» ерекшелікте, сипатта болды. Сондықтан да Дьюидің идеал ретінде айтатын нақыл сөзі – «жақсы тұрмыс» жасау. өзінің философиялық және саяси әлеуметтік көзқарастары бойынша Дьюи бала тәжірибесін үнемі үзбестен жақсартып, тереңдетіп отыру керек деді. Дьюдің ойынша, баланың дамуы, оның тәжірибесін жетілдіру – тәрбиенің негізгі мақсаты. Дьюи  баланың жетілуі оның өзі өмір сүріп отырған қоғамға икемделу деп есептеді. Мұндай тәрбиенің негізгі мақсаты - өз қарабасының қамын ғана ойлау, материалдық байлыққа жанталаса ұмтылу. Дьюи мектепті тек ұйымдасқан бір орта ғана емес, мектептің өзі өмір деді. Дьюидің еңбек тәрбиесі жөніндегі ойлары капиталистердің мүддесін ғана көздеп Америка мектебін қайта құруға көмектесті, бірақ сол ойлар әсерімен оқушылардың жалпы мәдениеті кеміді, оқу тек қана тар шеңберде жалаң іскерлік бағыт алды. Сондықтан Дьюидің көзқарастары АҚШ-тың буржуазиялық тобының талаптарын ғана ғанағаттандырады. 

Категория: қазақстан тарихы | Добавил: админ | Теги: империалистік елдер
Просмотров: 1812 | Загрузок: 53 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz