Суббота, 04.05.2024, 04:16
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » қазақстан тарихы [ Добавить материал ]

Көшпелі қауым-қазақтың бірлескен қоғамының өндірістік-аруашылық негізі
[ Скачать с сервера (59.5 Kb) ] 25.02.2014, 18:24
Бұл материалдар интернет желісінен алынған. Көшіру кезінде menkazak.ru сайтына сілтеме жасалу керек
Көшпелі қауым-қазақтың бірлескен қоғамының өндірістік-аруашылық негізі

 XV-XVІІІ ғғ. Қазақстанның қоғамдық құрылымын тұтастай әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде қарастыратын болсақ онда оның өндірістік - шаруашылық негізі - қауым қоғамының патриархалды - феодалдық өмірі мен тұрмысының жан-жақты көрінісі болып табылады.
Қоғамдық өндірістің аса басым түрі - экстенсивті мал шаруашылығы.
Бірлескен қазақ қауымы қоғамдық өндірісте, жайылымды жерлерді ортақ иеленген, сонымен бірге малға отбасылардың меншігі болған. Тарихшылардың алдында екі түрлі көзқарас болған тарихшылардың бір бөлігі егіншілер мен көшпенділерде өндірістің негізгі құралы - жер деп санайды. Екінші көзқарас бойынша көшпелі мал шаруашылығы кезінде өндірістің негізгі құралы жер емес мал, жерге еңбек күшін қолданбай-ақ өзінің табиғи жағдайында жайылым ретінде пайдаланылған деген тұжырымға келеді.
Мүмкін, көшпелі мен жартылай көшпелі шаруашылықтарда өндірістің негізгі құралы шынында да мал болған шығар. Ал жерге тікелей жеке меншік болмаған.
Темір, Шайбани әулеттері тұсында Оңтүстік қазақстан аудандарында отырықшы елді мекендер көп болғандықтан жер иеленушілік пен жерге меншіктіліктің тұрақты түрлері қалыптасқан. Түпкі материалдар жер иеленушілік пен оған меншіктіліктің сойырғап, ықта, милық, бақып сияқты және басқа түрлерін атайды. Қала мен оның егіншілікті жерлерін басқарушы - сойырғап иесінің билігіне бағынды, ал ол жер әскери немесе азаматтық қызмет атқарғандықтан сый ретінде берілді. Билік жүргізу үшін өздерін қолдайтын қолдар керек болды, сондықтан олар жерлерді әскери ақсүйектер тобына, көшпелі тайпалар тобына сый ретінде меншіктеріне беріп отырған. Оларға тек жайылым жерлер ғана беріп қоймайтын, сонымен бірге тұтас бір қалалар немесе суландыру каналдары бар, егін егілетін көлемді учаскілер, сонда отырған шаруаларымен қоса берілетін. Көшпелі ақсүйектер халықты саяси және экономикалық жағынан қанап, қалаларға ие болуға ұмтылған.
Көшпелі қауым-қазақтардың өндірістік-шаруашылық әрекетінің түрі-бірлесіп еңбек ету (кооперация) қағидаларына құрылған ауылдық қауым болған. Өндіргіш күштердің жеткілікті дамымаған жағдайында бірлесіп еңбек ету ғана орнын толтырады және адамның қолы жете бермейтін еңбек құралдарын меңгеруді қамтамасыз етеді. Яғни, еңбек жағдайларын біріктіру қажеттілігі қауым шеңберінде - объективті сипатта болады. Малшылардың кәсіпшілік деңгейі мен ауыр еңбектері болған.
Енді, алдында қарастырғандай, ауа-райына байланысты, шаруашылықтар Қазақстанның аймақтарында әр түрлі болды. Сонымен бірге қауымдық шаруашылықтың тиімділігіне, мал табын өсіруде, малдың бір жерге өте көп шоғырланып кетуі, шектен тыс шығып кетуі, азық қормен толық қамтамасыз етілмей, мал індеттерінің ұлғаюына ұшыратса; ал өте төменгі мөлшері технологиялық жағдайларды және мал табының өсіруді дұрыс ұйымдастыру кедергі келтірді. Яғни, тіршілік ортасын дұрыс шаруашылық мақсатына дұрыс пайдалану ғалым Н. Э. Масановтың тұжырымдағандай, өндірістің сандық-сапалық сипаттары, яғни мал құрамы мен санын жетілдіруге байланысты.
Ғалымның пікірі бойынша көшпелі қауым қосымшалық деп аталатын қағида бойынша тіршілік ету керек немес оған мәжбүр болады. Шоғырлаудың қолайлы мөлшері 400-600 бас мал көлемінде белгіленді.
Мал шаруашылығы қауымында өндірісті ұйымдастырудың ерекшелігі - оған қосылған адам тек еңбек етуші ғана емес, сонымен бірге мал түріндегі өндіріс құралының белгілі бір мөлшеріне иелік етуші еді.
Малдан айырыла отырып, шаруашылық қауымның тек құқықты мүшесі бола алмайтын да еді, өйткені ол енді қосымшалық қағидасының жүзеге асуына жәрдемдесе алмайды немесе қауымнан бөлініп, одан шеттетіле бастайды.
Малдың бір бөлігінен айырылған шаруашылықтар, өздері тектес кедей шаруашылықтармен бірігіп жаңа қауымдар құрып отырған. Мұндай шаруашылықтар көп болғандықтан, қажетті мөлшерде жету үшін, қауымның сандық құрамы артып отырған, шаруашылықтың саны 20-30 дан 50 ден де асатын болған.
Ауылда патриархалды - тектік (генеалогиялық), материалистік байланыстардың салт-дәстүрлі шығым болған, әрі қауымның мақсатты ісі - экономикалық қана емес, сондай-ақ рулық қатынастарды жүзеге асыру болды.
Қауымды билеушілер жалпы өнімнің бір бөлігін кедейлердің және аз қамтамасыз етілген шаруашылықтардың пайдасына бөліп, еңбек етушілерді күнкөріс қажеттілігімен қамтамасыз етіп, қадағалап отырған. Кедейлерге шаруашылық тұтынған аз өнімдері үшін едеуір жоғары сомасын төлеуге тиіс болған.
Жер иеленушілердің, жерге меншіктің түрлері болған інжу - хан жерлері, мүлік - жеке иеліктегі егістік алқаптарда кездесетін жерлер; бахор - Қазақстанның оңтүстік өлкесінде, исламнан тараған аймақтарындағы мұсылман мекемелері мен дін басшыларының жерлері.
Ұйымдардың құрылуына байланысты салықтардың неше түрлері болған. Әдебиеттерде жер иелену мен меншіктің келесі түрлері атап көрсетіледі: сойурғал, икта, мүлік, бахор және т.б.
Қатардағы көшпенділер-малшылар (шаруалар), егіншілер - отырықшылар мен қарапайым қалалықтар, ұсақ саудагерлер мен қолөнершілер, ауыл тұрғындары салықтар мен алымдар төлеуге міндетті болған:
малшылардан - зекет, соғым, сыбағы;
егіншілер мен қолөнершілерден - тағар, бауыс, хоредж.
Қазақтардың бірлескен қоғамында салықтар мен алымдар арқылы қауым билеушілері өз деңгейлерін жоғарлатып, қатардағы көшпенді халықатр кедейлене түскен. Сол кезеңдері қанаушылықтың өз жолдары болды. Ресей империясының экономикасына біріккенге немесе қосылғанға дейінгі күн көрістері осындай болған.
XІV-XVІІІ  ғасырларда мал шаруашылығындағы өндіргіш күштердің дамуы
Қазақстан аумағында мал шаруашылығы егін шаруашылығына қарағанда неолит ғасырының бастап басымды болған. Археологиялы зерттеулер дәлелдегендей жануарларды үй жағдайларында қолға үйрету жүзеге асырылып, адамдардың үлкен үжымдары шаруашылығының әрекетінің түрі ретінде көшпенділік өте ерте қалыптасқан.                
XІV - XVІІІ ғасыр аралығында қазақ қоғамы өндіргіш күштерінің дамуында  шаруашылықтың әр түрлі қалыптасқан көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы негізгі орын алады және отырықшы мал шаруашылығы. Зерттеушілердің басым көпшілігі әр түрлі тарихи кезеңдердегі шаруашылық түрлерінің салыстырмалы тұрақтылығын атап өтеді.  Көшпенділік экстенсивті көшпенді мал шаруашылығы кәсібі басымдырақ болатын, ал халықтың көпшілігі маусымды көшіп қонумен шұғылданған өндіруші шаруашылықтың ерекше түрі.
Мал шаруашылығының жартылай көшпелі түріне тән ерекшелігі тұрақты қыстық үйлерінің болуында. Көшіп қону аймағы аз мөлшерде болды, маусымдық жайылымда бір-біріне жақын орналасқан және жартылай мал шаруашылықтар қыстауларының маңайында тары, бидай, арпа өсіріп, қой мен жылқы шаруашылықтарын ірі қара мал мен толықтырып отырған.
Отырықшы мал шаруашылығы табиғи жағдайлардың қолайлығына байланысты және егіншілік аймақтарына жақындығы   шаруашылықтардың суармалы және қолдан суармайтын қыр жерлердегі егіншіліктің басым болуына себепші болды.  Отырықшы мал шаруашылығында малшы тобын жаю мен егіншілер қауымының іске маманданған отбасыларымен  жүзеге асырылды. Осылыйша  Қазақстанның мал шаруашылығы айтарлықтай әр түрлігімен ерекшеленеді.
Сонымен бірге, XVІІІ-XІX ғасырлардағы ғалымдар мен  саяхатшылар еңбектерінде қазақтардың малды қыста малды жаю мен сақтау жүйесі мен тәсілдері жайында  мәліметтер бар. Жылқылар қар астындағы азықпен қоректене алатын болғандықтан оларға алыс жайылымдар белгіленген. Қой мен ірі қара мен түйеге қыстау маңына жайған. 
Қары қалың қатты аязда бірінші қатал қысқа төзімді жылқыларды жайған, олар тұяғымен қарды ашып шөптің бетпейін жеген, оның артынан түйе малын жайған, олар шөптің орта белдеуін жесе, одан кейін қойларды жайған. 
Қалың аязда мұздақ қатқан жағдайда малшылар күрек және басқа құралдармен, сондай – ақ арқан байлаған бөренелерді де қолданған. Мұндай мұзды, қалың қарды бұзу, ою үшін жылқы табанын да пайдаланған.
Мал шаруашылығында жылқы ежелден маңызды орын алған, б. э. ІІ мыңжылдықтың орта шенінен бастап  оны мінетін, теңдеп жүк артатын көлік ретінде пайдаланды. Жергілікті жылқы тұқымдары аса төзімділігімен   ерекшеленеді, осы қасиеттерімен ерекшеленуі Ресей мемлекеті мен Орта Азия нарықтарында қазақ жылқысына деген сұранысты қамтамасыз етті. 
Ірі қара малдың өзгешелігі өнімділігі, азық талғамайтындығы, қатты аяз бен суық желден қорғайтын қалың жүнді жамылғысымен сипатталады. Қазақстан малшыларында  үй жануарларының кең тараған түрі – екі өркешті түйе. Әсіресе көшпенділер шаруашылығында түйенің маңызы өте зор. Ол көшіп қону көлігі ретінде, жүк артатын және ет, сүт беретін мал ретінде пайдаланылған. Түйе суыққа да ыстыққа да төзімді болған, барлық уақытта да түйе маңызды көлік ретінде пайдаланылған. 
Осы кезеңдері Қазақстанда барынша кең таралған үй жануарлары – жылқы, одан кейін ірі қара мал, қой –ешкі мен түйе болған. Сонымен бірге кедей және орташа топтарында ірі қара мал, кейде түйе және қой, ауқатты шаруашылықта жылқы басым болған. Халықтардың кедей топтарының азын – аулақ, шағын малдары ең  алдымен отбасының күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырса, ал байлар шаруашылығындағы табын құрамы көбінесе сатып - өткізу мүмкінділігімен анықталды.     
Үй жануарлары мен мал шаруашылығының өнімдері көшпенділердің барлық негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырған. Көшпелі қазақтармен қалалардағы отырықшы халық арасында тұрақты тауар айырбасы болып отырған. Көшпелі қазақтар малдарын, ет, май, тері мен жүнін, киізін және тағы басқаларын айырбастап, орнына астық, киім-кешектер, маталар, үй жабдықтарын, ыдыс аяқ және тағы басқа да қолөнер бұйымдарын алған.
Экстенсивті мал шаруашылығы жағдайында сумен қамтамасыз ету күрделі болды. Қыстауларда әдетте өзендер аңғарларында, көлдің жағалауы мен табиғи суаттары бар тау бөктерлерінде орналасқан. Жаздыкүні малды сумен қамтамасыз ету күрделірек болды. Мұндай жағдайда мал суару мәселесі құдықтар қазу жолымен шешілген. Құдықтың тереңдігі 10 м - 100 м-ге дейін жеткен себебі өзендер құмға сіңіп кететін болған.
Шаруашылығының үш түрі де - көшпелі мал шаруашылығы, жартылай көшпелі мал шаруашылығы, отырықшы мал шаруашылығы бірқатар географиялық, әлеуметтік-экономикалық және тарихи факторларға байланысты болған.
Сол кездері әлеуметтік фактор шаруашылықтың түрлеріне барынша елеулі әсер еткен. Шаруашылықтың түрлері географиялық факторларға баланысты ерекшеленіп отырған.
Қазақтардың шаруашылықпен айналысуы құрылымында егіншілік екінші орын алды. Егіншілік мәдениетінің ошақтары әдетте Қазақстанның табиғатын - климатикалық жағдайға байланысты егін өсіру неғұрлым қолайлы аудандарында орын алды.
Ежелгіден егіншілікпен айналысқан аймақ Оңтүстік Қазақстан. Онда Сырдария алқаптары мен қаратау бөктерлері, Шу, Талас және Іле өзендері бар Жетісу өлкесі сияқты ірі табиғи, әрі шаруашылық - мәдени орталықтары ерекшеленеді.
XІІІ ғасырдың басында Қазақстанның отырықшы - егіншілік мәдениетінің дамуы монғол шапқыншылығының әсерінен тоқтап қалды. Әлеуметтік-экономикасы жақсы дамып келе жатқан Отырар, Жент және т.б. қалалар қиратылды, ауылдар қаңырап бос қалды, шебер қолөнершілер қудаланып, егіншілік ошақтары талқандалды.
Жетісудың шаруашылық өміріне орасан зор зиян келтірілді. Шонжарлардың өзара тартысы Жетісудың экономикалық байланыстарын нашарлатты. Қақтығыстар өлкенің қараусыз, бос қалуына алып келді, сөйтіп XІІІ ғасырдың орта шенінде егіншілік мәдениеті құлдырай бастады. Рубруктың айтуы Іле өлкесі келесідей жағдайда еді: "Жоғарыда аталған жазықтықта бұрын көптеген қалалар болған, бірақ олардың көбісін, онда ең жақсы жайылымдар болғандықтан татарлар өздерінің мал отарларын жаюға мүмкіндік жасау үшін қиратқан” Жетісудың егіншілік мәдениетін Темір жорықтары да қатты шығынға ұшыратты. Бірақ та шағын көлемде отырықшылық тіршілік пен егіншілік Аспарада, Боран мен Садыр қорғанда сақталған.
Сырдария өлкесі мен Қаратау баурайларында егіншілік біртіндеп қайта өркендей бастады, ол қалалардың өсумен, қолөнердің дамуымен байланысты болды.
Солтүстік батыста - Сағым, Жим, Елек, Ырғыз, Утва және Ойып өзендерінің алабындағы жерлер, Мұғалжар тауының аңғарлары, Орталық Қазақстанда - Сарысу өзенінің орта сағасындағы алқаптарда отбасылар егіншілікпен айналысқан және бұл аймақтардың географиялық орналасуы, жер құрылысы мен топырақ - климаттық жағдайлары, су қорларының бар болуы, көрші отырықшылықтылық байланыстардың күшейтілуі және қазақ егіншілігінің дәрежесі мен аумағына, егіншілік өнімдерін шаруашылық және басқа мақсаттарға орынды пайдалануына айтарлықтай әсер етті.
Көшпелі халықтың егіншілікпен айналысуы оның мал шаруашылығы жағдайына тікелей байланысты болды. Қазақ кедейлері өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының тұрақсыздығынан еігіншілікпен де айналысқан қазақ қоғамының шаруашылығы рулық-шонжар билеушілер өндірісі негізгі өндіріс құралдарына меншіктілік құқы бойынша өндірілген қоғамдық өнімнің үлкен бөлігін өздеріне алып отырды. Осының нәтижесінде қазақтар егіншілігінің дамуы кіріптар халықты қанаушылықтың күшейе түсуімен қабаттас болған.
XV ғасырдың екінші жартысында қазақ хандығы қалыптасып, қала мен даланың экономикалық байланыстары кеңейе түсті. Егіншілктің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Баяу, бірақ үздіксіз түрде өңделетін жер көлемі кеңейді, ескі суландыру жүйелері қалпына келтіріліп және жаңалары салынды. Сол кезеңдері отырықшылыққа ауысатын көшпелі халық бірнеше түрге бөлінді:
диханшы- елді мекендерде тұрақты тұратын халықтар;
қышлақшы- қыстауларда тұратындар;
сахарашы- көшпенділерді жалғастырушылар болды.
Егіншіліктің дамығандығын салық атаулары дәлелдейді.
Сол кезеңдері пайда болған егіншілікке салынатын салықтар түрі: мардикар - суландыру торабын құру және өз қалпында сақтау жөніндегі жұмыстарға байланысты салынатын салықтар; тағар - әскерге алынған нан мен мінетін ат және жүк артылатын көлік үшін берілетін жем түріндегі азық-түлік салығы.
Кейінгі орта ғасырлық кезеңде Қазақстанның оңтүстігінде дамыған егіншіліктің болғаны жөнінде Отырардың, сондай-ақ Қаратаудың Солтүстік бөктеріндегі Қүлтөбе мен Рана қалашықтарының қазындылары нәтижесінде талас тудырмайтын, даусыз фактілер табылған. Бүл қалалардағы үйлерде қоймалар, астық пен көкөніс сақтайтын қоймалар табылған. Бидай мен ұн сақтауға да арнайы қамба жасалған. Кейбір қоймалардан тары мен бидайдың қалдықтары, басқасынан жүзімнің дәндері табылған.
XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың басында бірқатар өзара байланысты экзогенді (жоңғар шапқыншылығы, Қоқан және Хиуа шонжарлармен қақтығыстар) және эндогенді (рулық-шонжарлық өзара тартыстар) факторлардың әсер етуімен қазақ қоғамының дамуында дағдарыстар болды. Бүл факторлар қазақ қоғамының егіншілік және қала мәдениетінің құлдырауына алып келді. Мысалға, егер Отырарда XVІ-XVІІ ғасырлардың бірінші жартысында 5 мыңнан астам адам тұрған болса, ал XVІІІ ғасырда бар жоғы 200-250-і ғана қалған болатын.
Егін шаруашылығының түрлері мен тәсілдері болды. Суарылмайтын егіншіліктен, суарылатын егіншілік басым болған. Қазақ шаруашылығына суғармалы егіншіліктің ең қарапайым түрінен ең күрделісіне дейін белгілі болды. Дәстүрлі егіншілік аудандарында суландырудың көптеген ерекше тәсілдері қолданылатын күрделі және тармақталған суғару жүйелері болған.
Қазақ егіншілігі үшін, әсіресе алқаптарда, сол кезең үшін жерді пайдаланудың жоғары мәдениеті тән болған. Мысалы, Я. Гавердовский қазақтарда жерді пайдаланудың үш танаптық жүйесінің болғандығы туралы айтады. "Қырғыздар бидай мен арпаны әрдайым өткен жылы тары немесе тары сабаны өсірілген жерлерге егеді”.
Суландыру жүйесінде негізгі еңбек құралдары кетпен, күрек, шелек немесе топырақ тасу үшін қаптар қолданылған. Әр түрлі су жинайтын және оны реттейтін құрылғылар үшін құрылыс жабдығы ретінде қазақтар жергілікті топырақ, тас шөпшек, қамыстарды пайдаланған.     



Категория: қазақстан тарихы | Добавил: админ | Теги: Көшпелі қауым-қазақтың
Просмотров: 2881 | Загрузок: 49 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz