Суббота, 04.05.2024, 01:16
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » қазақстан тарихы [ Добавить материал ]

Қазақстандағы сауданың формалары
[ Скачать с сервера (37.0 Kb) ] 25.02.2014, 18:19
Бұл материалдар интернет желісінен алынған. Көшіру кезінде menkazak.ru сайтына сілтеме жасалу керек
Қазақстандағы сауданың формалары 

Қазақстандағы сауданың формалары Қазақтың дәстүрлі қоғамына сауданың және ымыраласудың әр түрлі формалары белгілі болған. Малшылар, біріншіден, алыпсатарларға өздерінің малы мен шикізатын сатқан, екіншіден, өсімқорлық несиеге тауар сатып алған және үшіншіден, әрдайым фабрика-зауыт өнімдерін мал мен шикізатқа натуралдық айырбастауды қолданған. Бұл кезеңде қазақ ауылында сауданың негізгі белгісі - оның анық байқалған эквивалентіні емес (құндары сай келмейтін) сипаты еді. Сауда - ұсақ меншік иелерін эскпропорциялаудың, яғни артықшылығынан айырудың өзгеше формасы болды.
ХХғ. басына қарай Қазақстанда негізінен шаруашылықтың көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрлеріне сай келетін сауданың ұш формасы орын алған, бұл: разъездік - айырбас,мерзімді - жәрменкелік және тұрақты.
Разъезділік-айырбас сауданың маңызды өзгешілігі - оның өсімқорлық сипаты болған тауар қарызға берілген. Айырбас сауда кенінен дами бастады. Қазақстанның Ресеймен негізгі сауда орындары - Орынбор, Троицк, Петропавл, Омбы, Cемей мен Орал болды. Ресеймен саудада сыртқа тауар шығарудан көрі тауар әкелу басым болған. Үш жасар қой жалпыға бірдей эквивалент болды. Қазақстанмен арадағы саудада айырбастың сипаты басым болған, эквивалентсіз айырбасқа негізделген отраршылық сауданың белгілері айқындалды. Айырбас сауда жекелеген рулар қазақтардың арасында да дамыды. Айырбас объектілері - мал, тұз, ағаш бұйымдары және т.б. болды.
ХХғ. басында қазақ саудасының дамуы мен ерекшеленеді. Бүл - ұсақ саудагерлер, ортақолдар (делдардар), алыпсатарлар болатын. Бүл кезеңде қазақ сауда капиталы ресейлік және ортаазиялық көпектерге бағынышты болды. Жекелеген қазақ саудагерлері өздерінің сауда операцияларын кеңейтті.
Маманданған саудагерлер ортасында ымырласуда ортақол-делдардар ерекшеленеді, алыпсатарлар мал мен шикізатқа сұраныстың артуы нәтижесінде көбейді. Саудагерлер - дербес сатушылар әр түрлі сауда операцияларымен, өсімқорлық капиталмен, сатып алу орындарын ашумен және т.б. айналысқан.
Х1Хғ. екінші жартысында Қазақстанда жәрменкелік сауда кеңінен таралды. Коммуникацияның дамыған жағдайда және халықтың көпшілігінің шаруашылық өміріндегі ерекшеліктеріне қарай жәрменкелер - сауданың қолайлы түрі еді, ол маусымдық жайлымдарға өтуге байланысты пайда болды. Қазақстанда жылдық тауар айналымы миллион сомнан жоғары болған Қарқаралы, Атбасар, Ақмола, Шар, Әулиеата, Уыл, Темір сияқты тағы да басқа бірнеше ірі жәрменкелер қызмет жасаған. Барлық жәрменкелерде негізгі тауар-мал, мал шаруашылығының шикізаттары мен Ресейлік фабрикалардың бұйымдары еді. Тұтастай алғанда, жәрменкелер тауар-ақша қатынастарын ынталандырды. Сауданың жәрменкелік және басқада түрлерінің таралуы натуралдық, заттай айырбастың орнына ақшалай сауданың нығаюына жағдай жасады. Ақша ролінің артуы Қазақстанда өсім алушылықтың тарауына алып келді. Оған атап айтқанда 1893 жылғы 24 мамырдағы жарлық мүмкіндік туғызды.Ол бойынша жергілікті халық өсім алушылық әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылмады. Ресейлік көпестер бұдан кейін әкімшілікте қызметте болған қазақтар арқылы әрекет етті. Өсім алушылықпен қатар Х1Хғ. аяғында Қазақстанда несиенің капиталистік түрлері пайда болды. Бұл оперецияларды банкілер мен басқа да несиелік мекемелер жүзеге асырды.
Тауар-ақша қатынастары банктер айналымының артуына мүмкіндік жасады. Кейбір жәрменкелерде банкілердің бөлімшелері ашылды.
Қазақстанда акционерлік банкілер пайда бола бастады. Сібір сауда банкі өз бөлімшелерін ашып, Қазақстанның көптеген аудандары несие операциялауымен қамталды. Мұның бәрі Орта Азиямен, Сібірмен және Орталық ресеймен экономикалық байланыстарды күшейтті. Мемлекеттің салықтары мен борыштары сол қоғамның экономикалық тұрғыдан тіршілік етуі бейнеленген айналасы тектес болды. Қазақстанда ХUІІІғ. мен ХХғ. аралығында салықтар мен борыштылықтың тұтастай жүйесі болған XІX  ғасыр ортасына дейін дәстүрлі салықтар: "зекет”, "соғым”, "сыбаға” орын алған, "жасақ” салығы үш жылға, сол уақытта болған мал табынындағы өзгерістерге байланыссыз тағайындалды. Салықтар жинау кезінде әскери күш жиі қолданылған XІXғ. соңында ақшалай салықтар мен борыштардан босату мерзімі үш жылға дейін қысқарды, ал одан кейін қоныс аударушыларға жартылай мөлшерде салық салынатын болды. XVІІІ-XXғ-лар аралығында Қазақстанның экономикалық дамуы әлеуметтік - демографиялық жағдайға да әсер етті. 
Қазақстандағы халық негізінен Қазақстан, шиновниктер мен мещандар деп аталатындардан құралуы тарихи қалыптасқа құбылыс еді. Қалалар аграрлық-сауда және мәдени орталықтарға айнала бастады.
Қазақстанда ХХғ. басында 6 млн. адам тұрған. Ауыл халқының үлесі өте жоғары - 92%-ға жуық, сауда-өнеркәсіптік халық - 3% болған. Қоныс аударушы (орыс және украин) шаруалар 1 млн. 434 мың адамды құраған. Қоныс аударушылар селоларында негізгі тұлға - орташалар, ал кедейлер үлесі 30% болғандығында.
1917 жылға қарай Қазақстанда негізгі таулы, өңдеуші және көліктік (30 мыңдай) топтардан тұратын 65 мың жалдамалы жұмысшы болған. Тау өнеркәсібі кәсіпорындары мен рудниктерінде еңбек ететін адам саны 19 мыңға жуық, ал өндеуші кәсіпорындарда 16 мыңдай болған.
Қазақстанның жалдамалы жұмысшылар тобының қалыптасуында өз ерекшеліктері болды: бұл ауыл шаруашылығымен байланысын үзбеген және жұмысшылардың көп ұлтты болған.



Категория: қазақстан тарихы | Добавил: админ | Теги: сауданың формалар
Просмотров: 2453 | Загрузок: 54 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz