Суббота, 04.05.2024, 04:45
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » қазақстан тарихы [ Добавить материал ]

50-90жылдар аралығындағы Қазақстанның өнеркәсібінің дамуы
[ Скачать с сервера (32.0 Kb) ] 25.02.2014, 17:42
Бұл материалдар интернет желісінен алынған. Көшіру кезінде menkazak.ru сайтына сілтеме жасалу керек
50-90жылдар аралығындағы Қазақстанның өнеркәсібінің дамуы
1946-1960 жылдары өнеркәсіп өндірісінде тыныштық шаруашылық кезең болды. Бүл жылдары өнеркәсіптің өркендеуі одақтың ішіндегі республикалардың теңдікте, тыныштықта біріге отырып кәсіпорындарында өнім өндіру болды. Қазақстан өнекәсібі 1940 жылға қарағанда 1950 жылдары өнімнің көлемі 232 пайызға, ал 1960 - 734 пайызға өсті. Қазақстанның индустриялдық дамуында, өндіріс көлемінің артуымен қатар өндіргіш күштерді ұйымдастыру формалары әртүрлі - жекелеген кәсіпорындар мен өнеркәсіп тораптарынан аймақтық-өнеркәсіптік кешендеріне (АӨК) дейін құрылған, 70-жылдар барынша жемісті болды. 70-80 жылдары Қазақстанда Павлодар-Екібастұз, Қаратау-Жамбыл, Маңғышлақ АӨК-тері құрылып, дами бастады.
АӨК-терді құру жекелеген оқшауланған кәсіпорындар құрылысына қарағанда әлдеқайда аса тиімді болды. Аймақтық кешендерде өнеркәсіп кәсіпорындарын топтау технологияның процестерді байланыстыру мен бірлестіру және шикізаттар мен қалдықтарды кешенді пайдалану мәселелерін шешуге, өндірістік қорларды тиімді пайдалануға, еңбек, қаржы қорларын үнемдеуге, шаруашылық айналымына материалдық шикізат және ауылшаруашылық қорларын барынша толық және тиімді тартуға мүмкіндік жасады.
Осы жылдары Қазақстан өнеркәсібінде КСРО тарағанға дейін жалпы одақтың маңызы болған қуатты саясиаралық Екібастұз, Қарағанды және басқа да бассейіндері бар отын-энергетикалық кешендері қалыптасты (80-жылдары елдегі өндірілген көмірдің 20%-ын алып Екібастұз ГРЭС-і берген, одан Сібірдің орталығы мен Оралға энергия жеткізілген).
Химия кешенінің Оңтүстік Қазақстандағы минералды тыңайтқыштардың ірі өндірісі пластмасс, химиялық тамақтар,шина мен басқа да бұйымдар өндірісі кірген.
Машина жасау кешені ауыл шаруашылық техникасын, эксковаторлар, шахталар, рудниктер мен металлургиялық цехтар үшін жабдықтар шығаруға маманданды. Одақтың күйреуі қазіргі дербес республикалардың ең алдымен экономикасына қатты әсер етті. Оған дәлел болатын көптеген себептердің ішінде Қазақстанды атап айтатын болсақ, мысалға экономиканың шикізатты бағытталуы, өндеуші кәсіпорындардың жеткіліксіздігі.
Респиблика өнеркәсібінің құрылымы шикізатты шағын көлемде өндеумен қатар өндіруші салалардың үлес салығының жоғарылығымен және өңдеуші, ғылымды қажет ететін, жоғарғы рентабельді салалардың баяу дамуымен өзгешеленеді. Нәтижесінде республикада олардың үлес салмағы өте төмен. Қазақстан өнімінің негізгі бөлігі ақырғы өңдеу үшін және одан дайын өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын алу үшін сыртқа шығаруға мәжбүр болды. Жан басына шаққанда жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының өндірісі бойынша Қазақстан Одақтық көрсеткіштерден артта еді. Халық тұтынатын тауарлардың 44%-ға жуығы сыртан әкелінді. Респибликадан сыртқа шығарылатын тауарлар құрылымында 70%-ы шикізатқа, 12%-ы жартылай дайын өнімге тиеселі болған. Тіпті жоғары салалы түсті металдардың тек 3%-ы ғана дайын өнімге айналдырылып, ал 97%-ы кесек құйма түрінде республикадан тысқары шығарылған. Қазақстан өнеркәсібінің мұндай шикізаттық салаларға бағытталуы шикізатқа бағаның өте төмен болуы нәтижесінде республикада қарыздылық мәселесін тудырды.

Категория: қазақстан тарихы | Добавил: админ | Теги: Қазақстанның өнеркәсі
Просмотров: 1857 | Загрузок: 44 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz