Суббота, 20.04.2024, 16:12
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » қазақстан тарихы [ Добавить материал ]

Тайпалық одақтар мен ежелгі феодалдық мемлекеттер кезеңдері шаруашылық қатынастарының дамуы
[ Скачать с сервера (18.3 Kb) ] 26.02.2014, 20:18
Бұл материалдар интернет желісінен алынған. Көшіру кезінде  сайтына сілтеме жасалу керек
Тайпалық одақтар мен ежелгі феодалдық мемлекеттер кезеңдері шаруашылық қатынастарының дамуы
 
Андроновтардан кейін өмірге келген Қазақстанның сақ тайпалары еді. Сақтардың тікелей негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Сол уақытта мал шаруашылығының негізгі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрлерінің болғандығын көрсетеді.
Көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақ, шөлді-шөлейтті далаларында жүргізілген, егін шаруашылығы дамымаған, ал ірі-қара мал аз болған. Негізінен қой, түйе және жылқы өсірген. Жылдың суық мезгілінде көшпенділер қар мен желден қорғайтын қыста мерзімдік қамыстарда өткізді.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Жетісу, Шығыс Қазақстан өсімдіктің аралас түрі басым болып келетін далаларында жүргізілген. Шаруашылықтың ерекшелігі көшпенділердің жылда қонысына оралатын тұрақты қыстауларының болуымен сипатталады. Маусымды жайылымдары бір-бірінен онша қашық болмаған, сондықтан да көшіп-қону аумағы шағын болды, сонымен қатар қар жерлердегі суарылмайтын егін шаруашылығымен айналысты. Яғни онда бидай, арпа, тары екті, бір мезгіл қораларда ұсталатын ірі қара мал өсірді, шөп дайындады.
Отырықшы мал шаруашылығы - бәрінен бұрын Оңтүстік Қазақстан аудандарында Сырдария, Шу, Талас өзендерінің жағалауында Қаратау жотасының баурайларында, суатты, шалғынды жерлерде белгілі болған. Қолайлы табиғи жағдайлар, суғарылмалы және қолдан суарылмайтын егін шарашылығының басым болуына, халықтың тұрақты отырықшылыққа ауысуына себепші болған.
Мал шаруашылығының негізі - қой шаруашылығы болған, қылшық жүнді қойлар мен биязы жүнді қойлар болған жылқының екі түрі: аласа өнім беретін және бойшаң мінетін ат. Ең бағалы жақсы жүйрік аттар ру мен тайпаның ақсүйектеріне тиеселі болған. Аң мен балық аулаумен кейбір сақ тайпалары қосымша кәсіп ретінде айналысқан.
Үй шаруашылығы мен қолөнер кәсібінде сақтар үлкен жетістіктерге жетіп отырған. Қолөнершілер өз қауымы мүшелерінің тапсырыстарын ғана орындап қана қоймай, сонымен қатар руаралық және тайпааралық айырбас үшін де өнім шығарды. Өндірістің маманданған түрлері: рудаларды өндіру мен өңдеу, темір соғу, балқыту, зергерлік кәсіптері жатады, бірақ тұтастай алғанда сақтық қолөнер көпжақтылы болмаған.
Сақтардың кезінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы жалғасқан. Сақ қоғамының экономикасындағы көшпенділік пен жартылай көшпенділікке өтуімен, металлургияның, қолөнердің дамуымен байланысты болған прогресс қосымша өнімнің өсуіне, айырбастың дамуына, өз меншігіне қор жинауына және қауымның кейбір мүшелерін белгілі бір мақсатқа пайдалану ниетінде қанау элементтерінің пайда болуына алып келді. Бір кездері өндірістің негізгі құралдары мен еңбек өнімін бөлуге қатысты қалыптасқан алғашқы қауымдық теңдік заттай, мүліктік теңсіздікпен алмасты. Малға, қорларға жеке отбасылық меншік пайда болып жекелеген адамдарда, рулар мен отбасыларда байлықтың шоғырлануы байқала бастайды.
Ғұндардың, үйсіндер мен қаңлылар кезінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы, қолөнер мен үй шаруашылығы дамыды, сауда байланыстары күшейіп экономикалары дамыды. Ғұндардың негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болған, ғұндардың байлығы өгіз, түйе табындары және қой-ешкі отарлары болған. Мал отбасылық меншікте өсірілді, ал әрбір отбасы малдарын жаю үшін рулық жердің бір мөлшеріне иелік етті және бүкіл рудың қозғалысында болған. 
Б. э. дейінгі ІІ ғ. аяғында үйсіндер мен қаңлылар туралы белгілі бола бастайды. Қытай тарихшыларының мәліметтері бойынша, үйсіндер шамамен 630 мыңдай, ал қаңлы тайпалары Талас пен Сырдария өзендерінің жағалауында көшіп-қонып сан жағынан шамамен 600 мыңдай болған. Шығыс жақтың үйсіндер көшіп қонып мал шаруашылығымен айналысқан, Жетісу өлкесіндегі үйсіндер отырықшы, егін шаруашылығымен оның ішінде суармалы егін шаруашылығымен айналысқандығын тарихшылардың мәліметтерінде көрсетілген. Қаңлы қоғамында егін шаруашылығымен, өте көп мөлшерде ірі қара малын, қой ешкі мен жылқы өсірген, аң мен балық аулау қосымша кәсіп болған - әр түрлі кәсіпшілік пен қолөнер, сауда мен ақша айналысы дамыған.
Шаруашылық түрлерінің қайшылығымен қатар әрекет етуі, ал кейде бірге дамуы жағдайында феодалдық қатынастардың нышандары қалыптаса бастайды.
Б. э. дейінгі V-VІ ғасырларында тек қана азиялық емес, сондай-ақ әлемдік тарих тұрғысында да айталық тайпалар шықты. Өндіргіш күштердің жоғары деңгейі тарихта Түрік қағанаты ретінде белгілі күшті, қуатты одақтың құрылуына мүмкіндік жасады.
Пайда болған қағанат екі бөлікке батыс пен шығысқа бөлінді. Батыс қағанаттың орталығы Жетісуда орналасты, халықтың көпшілігі отырықшы болды және диқаншылықпен, қолөнермен, саудамен айналысты. Батыс қағанатының әлеуметтік құрылымы Шығыспен салыстырғанда анағұрлым күрделі болды, сондықта.н феодалдық қатынастары дамыған мемлекет деп қарауға болады. V - VІІ ғасырларда Талас, Шу, Іле өзендерінің жағалауында ондаған қалалар мен елді мекендер пайда бола бастаған ондағы халықтар саудамен, қолөнермен ғана емес, сонымен қатар емшілікпен де айналысқан. Қағанаттың көптеген тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, ақсүйектер жерлердің ең жақсы жерлерін иемденіп отырған, сонымен қатар ол жерге өз өндірісінің өнімдерімен қамтамасыз етіп тұрған, шонжарларға тәуелді қолөнершілер, отырықшы егіншілерде қоныстанған, көпестер көшпенділермен сауда жасасқан.
XІ-XІІ ғасырларда көшпенділер аймақтарында басқаша феодалдық құрылым - коммендация институты дами бастаған.
Феодалдық құрылым - коммендация институты бойынша "әлсіз”, "әлді” адамға жер бөлігін берген, ал ол соғыс, тонаушылық немесе басқа да салықтар бола қалған жағдайда беделді шонжарлар тарапынан қорғау керек. Көшпенділерде қорғайтын шонжарларға өз малдарын беріп отырған. Шонжардың қорғануына сүйену үшін көшпенділер оған бағынып, малын бағып, айтқандарын орындауға тиісті болды.
Қорғаушылық қатынастары біртіндеп бағыныштылық пен феодалдық қатынастарға ауыса бастады.
Осылайша, тайпалық одақтар мен ежелгі феодалдық мемлекеттердің пайда болу кезеңінде Қазақстандағы шаруашылықтардың дамуы көптеген түрлерімен сипатталады. Сол кезеңдері шаруашылықтың негізгі түрі - көшпелі мал шаруашылығы болды. Оңтүстік қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы басым бола тұрып онда егіншілік дамыды, елді мекендермен қалалар пайда бола бастады.

 

Категория: қазақстан тарихы | Добавил: админ | Теги: Тайпалық одақ
Просмотров: 2041 | Загрузок: 70 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz