Четверг, 25.04.2024, 12:49
Приветствую Вас Гость | RSS
Тема реферата
Категории раздела
математика [0]
химия [21]
филосоофия [1]
Қазақ тілі [20]
Информатика [2]
физика [1]
қазақстан тарихы [31]
әр түрлі [5]
Педагогика [1]
Биология [1]
Латын тілі [1]
Статистика
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » қазақстан тарихы [ Добавить материал ]

Өнеркәсіптің негізігі формалары мен түрлері
[ Скачать с сервера (37.0 Kb) ] 26.02.2014, 17:02
Бұл материалдар интернет желісінен алынған. Көшіру кезінде сайтына сілтеме жасалу керек
Өнеркәсіптің негізігі формалары мен түрлері

 

Ұзақ уақыт бойы қазақтар шаруашылық өмірінің негізі - экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы болды. Қазақтың халық ретінде қалыптасуы мен қазақ мемлекетінің құрылған кезеңінен XІX ғасырдын ортасына дейін өнеркәсіптің бірден бір формасы - үй кәсіпшілігі мен қолөнер еді. Әрбір ауыл немесе тұтас ауылдар тобы өздерін қоршаған орта мен шаруашылық тұрғысында өте нашар байланысқан, тұйықталған жүйені білдіреді. Үй өнеркәсібнің техникасы ғасыр бойында дерліктей өзгеріссіз болып қала берді және дамудың өте төмен деңгейімен сипатталады. Мал шаруашылық шикізатының өте көп болуы кәсіпшіліктің мамандалуын - жүн ,тері өңдеуді және қазақ қоғамы мұқтаж болған әр түрлі тұтыну заттарын дайындауды анықтады. Үй өнеркәсібімен техникасы ғасыр бойында дерліктей өзгеріссіз болып қала берді және көп болуы кәсіпшіліктің мамандануын жүн,тері өндеуді және тұтыну заттарын дайындауды анықтайды. Үй кәсіпшілігін барынша кең тараған түрлері киіз басу, кілем, алаша тоқу, киімдерді дайындау мен былғары, қой терісін өндеу, киім-кешек, аяқ-киім, ат құрал саймандарын, ер тоқым, теріден ыдыс аяқтар, ер тоқым, теріден ыдыс аяқтар жасап даярлау орын алған еді.

 

Ағаш өндеу кәсіпшілігі нақтырақ айтқанда қазақ  үй бұйымдарын, кереге, уық, шанырақ жасап дайындау әжептәуір жақсы дамыды, кейбір аймақтарда мыс балқытып, темірден орақ, пышақ,үйіші тұрмыстық заттарын істеп шығарған.
Қазақтардың шаруашылық өмірінде әр түрлі кәсіпшілік балық аулау, аң аулау, арбакештік маңызды орын алған. Бірақ қолөнер мен дағдылы бойынша қазақ кедейлері айналысқан.
XІX ғасырдың екінші жартысында Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін өнеркәсіп пайда бола бастады. Ресейлік капитализмнің кеңейіп дамуына қарай тауар ақша қатынастары арқылы қоныс аударушылар қозғалысы мен жергілікті нарықтарға және пайда болған өнеркәсіптерге Ресейлік сондай ақ шетел капиталының ие болуы арқылы Қазақстан қарқынды түрде капитализм жүйесіне тартыла бастады. Натуралды шаруашылық тез ыдырау сатысына енді. Үстемдік еткен патриархалды феодалдық пен қатар ұсақ тауарлы шаруашылық қалыптасып, капиталистік құрылыс пайда бола бастады. Ресейдің империализм сатысына өтуі.
Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік дамуын тездетті, мұнда өнеркәсіптік кәсіпорындар саны айтарлықтай өсті. Алайда бұл өнеркәсіптік кәсіпорындар капиталистік Ресей мен басқада импералистік елдердің қажеттіліктерін қамтамассыз еті, сондықтанда Қазақстан әр түрлі шикізатты жеткізуші ретінде, өнім өткізу нарығы ретінде болды.
Орталық үстемдік орнауы, өлкенің кәсіпорындар дамуы мәселелеріне кері әсер етпей қойған жоқ, өйткені патшалық өкімет ауыр өндірісті ашып, ұйымдастыруға мүдделі болмады. Мүнда тау кен өнеркәсібінің дамуы үшін өте бай негізінің болғандығына қарамастан ол өте баяу дамыды және егіншілік пен мал шаруашылығының өнімдерін алғашқы өндеу өнеркәсібімен соңғы орынға ығыстырылды. Барынша кең тараған жүн жуу, тері илеу, май шыжғыру, сабын жасау мен желім қайнату кәсіпорындары, мал соятын қасапханалар болды. Алайда бұлар біршама ұсақ қолөнер кәсіпорындары еді, мұнда жұмысшы саны аз, өндіріс саласы шамалы болуымен қатар толықтай дерлік еңбек бөлінісі болмады. Техника жағынан нашар жарақтануы нәтижесінде бұл кәсіпорындар қолда бар шикізатты 25-30%-тен артық өңдей алмады, ал қалғандары жартылай өңделген немесе өңделмеген қалпында орталыққа шығарылып, шет елге сатылды. Қалыптасқан экономикалық жағдайлар аймақтық өндіргіш күштерінің дамуын тежеді, жалпылай көп еңбекті пайдаланды. Мысалы; былғары өндірісінде механикалық двигателді машиналарды қолдану байқалмады, ал Батыс Европа мен Ресейдің ірі орталықтарында жұмысшыларды қалжырататын және дұрыс ұйымдастырылмаған теріні қолмен илеу тәсілі әлдеқашан машинамен  алмастырылып, теріні тазарту тек қана барабанды тәсілмен жүргізілді, Берендорф машинасымен ұлтан, аяқ киім тауарлары өнделді. Жаңаша жетілдірілген тері илеу жабдықтарын ұйымдастыруға жасалған әрекеттер сәтсіз аяқталды. Қазақстан тері илеу зауыттарының барлық жабдықтары негізінен күл салатын күбілерден және бояу қайнататын қазандықтардан тұрған.
Жүн жуу өндірісі ең оңай, күрделі емес кәсіптің бірі еді. Жергілікті жерлерде агенттер жүн сатып алып, жалға алаынған бірнеше десятин жердегі кіші гірім арық немесе бұлаққа жақын орналасқан жүн жуатын орындарға өткізген, онда жүн тазартылып, сортталып, жартысы өңдеуге қолданылып (30%-тен артық емес), қалғаны Ресейге шығарылған.
Кәсіпорындар құрылысы тұрақты жұмысшы мамандарының еңбегі пайдаланған. Әйелдер мен жас жеткіншіктер әдетте мамандықты қажет етпейтін, еңбек ақысы төмен қосалқы жұмыстарда істеген Мысалға; ересек жұмыскердің оташа еңбек ақысы 77 тиынға теңелген, әйелдердікі 41 тиынға, жас жеткіншіктердікі 28 тиын болған. Көп ұлтты жұмыс мамандары қазақ, орыс, қырғыз, және тағы басқасы ұсақ кәсіпорындарға бөлініп, ұйымдастырылмады. Жүмыскерлердің мұқтаждықтарына дәрігерлік көмекке, өмірді сақтандыруға жұмсалатын шығындар өте аз болды және барлық шығындардын мөлшерімен 0,2 %-ін құрады, кәсіпорындардың көпшілігінде жұмыс күні 10-12 сағатқа созылған.
Айта кету керек, Түркістан өлкесінде капиталистік қатынастардың енуі мен дамуына, тау-зауыттық өнеркәсібінің пайда болуына темір жол құрлысы үлкен әсер етті. 1875-1876 жылдары ұзындығы 512 шақырымдық темір жолы салынды. XІX ғасырдың соңында Солтүстік Қазақстан аумағы бойынша 180 км. созылған, Сібір жолының, 1901-1906 жылдары,1736 шақырым ұзындықтағы ірі Орынбор-Ташкент темір жолының құрлыстары аяқталды. Ал 1906 жылы Ташкент-Орынбор екінші темір жолының ашылуына байланысты экономикалық тұрғыда әсіресе Сырдария облысы табысқа жетті, байланыссыз болған Әулеата, Шымкент, Петровск, Қазалы уездері барынша капиталистік нарыққа тартыла бастады.

 

Категория: қазақстан тарихы | Добавил: админ | Теги: Өнеркәсіп
Просмотров: 1848 | Загрузок: 54 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск

© МенҚазақ сайттар желісі. Барлық құқықтар қорғалғанХостинг от uCoz